Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БОЛАТ НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕНШІГІНДЕГІ ЖЕРЛЕР»

c 09:06, 26/08/2022 c 1039

0:00 / 0:00

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың меншігіндегі жерлер мәселе билік партиясын алаңдатып отыр. «Amanat» партиясының кеңес аппаратында "Жер аманаты" комиссиясымен бірігіп Болат Назарбаевқа берілген жерлер бойынша тексеріс жүргізу айтылды. Мәжіліс депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, Болат Назарбаев 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Бұл әлеуметтік әділетсіздік дейді депутат.

Бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың байлығы жайында ел аузында әңгіме көп. Енді билік партиясы бұрынғы көшбасшыларының бауырына тиесілі жерлердің заңсыздығын тексеруге кірісіп жатқан көрінеді. Партияның отырысында оңды-солды таратылған жерлер мәселесі май шаммен қаралды. «Amanat» партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың меншігінде 59 жер телімін барын айтты.

Болат Назарбаевтың Алматы өңірін түгел жайлап алған жерлерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион долларды құрайды дейді Сайыров.

Аманаттықтар Болат Назарбаевқа тиесілі жер телімдерінің мәселесімен терең айналысатын болып отыр. "Жер аманаты" комиссиясына осындай тапсырма жүктелді. Өздеріңізге мәлім бұған дейін бірқатар БАҚ –да және әлеуметтік желі бетінде Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы мен арбада отырған видеосы тараған болатын. Онда Болат Назарбаевтың қызы әкесінің жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келе жатқанын айтқан еді. Экс-Президенттің 69 жастағы інісінің байлығы жоғарыда аталған коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салуға алған жер телімдерімен шектелмейтіні баршаға мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.