Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да 112 бірыңғай диспетчерлік қызмет іске қосылды.

c 17:29, 27/12/2019 c 1067

0:00 / 0:00

БҚО-да 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды.Бұл пилоттық жоба. Аталмыш жоба өрт сөндіру, полиция, жедел-жәрдем салалары бойынша қоңырау қабылдап, құзыретті мамандарға өтініштерді жіберіп отырады. 112 нөмірі бір уақытта 40 қоңырауды қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда диспетчерлік қызметте 3 оператор қоңырауларды қабылдап, жұмысқа кірісіпті. Бұл қызметті іске қосу үшін бюджеттен 57 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Бастапқы кезде жоба пилоттық деңгейде жүзеге аспақ. Сала мамандары қоңырауды қабылдайтын мамандар қырық өтінішті қабылдауға қауқарлы екендігін айтады. 112-ге нөмірі полиция, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдемнің сұрақтары бойынша қоңырауларды қабылдай алады. Диспетчерлік қызметке келіп түскен қоңырау жазылып, операторлар оны құзыретті мамандарға жіберіп отырады. Қазір полиция, төтенше жағдай мен жедел жәрдемнің мамандары 112-нің операторларына кеңес беріп, көмектесуде. Жобаның аяқ алысын облыс әкімі де тексерген еді. Аталмыш жоба Шығыс Қазақстанда жүзеге асып жатыр.

Сондай-ақ, облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын инва-таксидің тиімділігін арттыру үшін жаңа қызмет іске қосылмақ. Жаңашылдықтың арқасында қызмет көрсету бақылауда болады. Күні бүгінге дейін инватаксидің қолданушылары телефон арқылы қоңырау шалып, өтініштерін қалтыратын еді. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы сайт және мобильді қосымша арқылы көлікке тапсырыс беруіне болады. Жоба келер жылдың наурызында толыққанды іске қосылмақ.

Облыстағы цифрландыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар баяндалған жиында бірыңғай төлемдердің құжатында болатын жаңашылдықтарды таныстырды. Келер жылдан бастап барлық дерлік коммуналды төлемдерді сайттағы жеке кабинет арқылы төлеуге болады. Қазіргі таңда оралдықтар қоқыс шығару, салқын және ыстық су, жылу, пик қызметінің төлемдерін біріктіріліп, бережақты бір квинтанциясы бойынша төлеуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.