Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕСКЕ БӨГЕТ ЖАСАМАУ КЕРЕК»

c 09:36, 26/01/2022 c 1514

0:00 / 0:00

Елде "омикрон" штамының таралуы өршіп, эпиджағдай ушығып, Түркістан облысынан басқа, бүкіл өңір қызыл аймақта тұрғанына қарамастан, бизнес үшін карантиндік шектеулер жеңілдетіліп жатыр. Бүгінгі отырысында үкімет осындай шешім қабылдады. Денсаулық министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, пандемияның бүкіл кезеңінде отандық бизнеске мұндай ауқымды жеңілдік жасалмаған. Өз кезегінде премьер-министр Әлихан Смайылов бизнеске бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірге шешуіміз керек деді. Енді барлық кәсіпкерлік субьектілерде "жасыл" және "көк" статусы бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық нысанда жұмыс уақыты бойынша шектеу алынып тасталды.

Қазақстанда коронавирустың «омикрон» штамы тез тарап жатыр. Соңғы тәулікте ковид жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылады.Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта тұр. Бұл ел ішінде карантиндік шектеулерді күшейтуге әкеп соққан еді. Алайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бұл шектеулерден бизнес зардап шекпеуі керек деген тапсырма берді. Бүгінгі отырыста Қазақстанның бас дәрігері эпиджағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан кәсіпкерлік субьектілер үшін карантиндік шектеулер жеңілдетілетінін мәлімдеді. Министр Ажар Ғиният бұл орайда, бизнестің қауіпсіздік шарасын сақтайтынына үміт артады. Мұндай жеңілдік пандемия кезеңінде болмаған еді дейді ол. Енді ойын-сауық, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындарына «жасыл» мен «көктер» емін -еркін, еш шектеусіз бара береді.

Не керек, әуежай, банктер, ХҚО-ры, СПА-салондарда, бір сөзбен айтқанда барлық нысанда есік ашық. Сондай-ақ, "жасыл" аймақта шектеулер алынып тасталады. Мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін ойын және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық "сары" аймақта – 70%-ке дейін, "қызыл" аймақта – 60%-ке ұлғайтылды. Өз кезегінде премьер-министр, бизнестің жұмысына кедергі жасалмауы керектігін еске салды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі "омикрон" штамы жылдап таралып жатқандықтан, карантин мен Ashyq-тағы статустың өзгеру мерзімін қайта қарастырды.
Енді бұрынғыдай 14 күн карантинде қамалып, үйде отырмайсыз. Карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқарып отыр. Егер 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз-ақ 10-шы күні аяқталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.