Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл облыс халқының 92 пайызы ауыз сумен қамтылмақ

c 15:19, 27/01/2022 c 1357

0:00 / 0:00

2025 жылға қарай БҚО тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев үкімет отырысында мәлімдеді. Өткен жылы ауылдық ағайынды таза сумен қамтамасыз ету үшін қазынадан 5,8 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Қыруар қаржыға 10 ауылда үй-үйге дейін ауыз тартылса, 9 ауылдық елді-мекенде кешенді блок модулі орнатылған. Атқарылған жұмыстарды қоса есептеген кезде облыс тұрғындарының 89,8 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етіліпті.

Ерлан Қажиев, құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

-2022 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 4 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Осы ақшаға өткен жылы басталған 5 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Және бес жаңа жобаны жасақтау жоспарлануда. Биыл кешенді блок модулін 5 ауданда яғни, Ақжайық, Қазталов, Тасқала, Теректі мен Сырым аудандарында орнатамыз. Осы жұмыстарды аяқтасақ, облыс халқының 92 пайызы ауыз сумен қамтылмақ,-дейді.

Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.