Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 24 үй жөндек көрмек

c 18:13, 05/08/2021 c 1489

2021 жылы Орал қаласында 24 көпқабатты баспана "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу көрмек. Биыл жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін 570 млн. теңгедей қаражат бөлінбекші. Қазіргі таңда 10 үйдің жөндеуі аяқталыпты.

Бірнеше жылдан бері көпқабатты тұрғын үйлердің тозығы жеткен шатыры мен сынған жедел сатысын алмастыруда "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасына деген сұраныс артып келеді. Мәселен, биыл 24 үй жөндеу көрмек. Қазіргі таңда мердігер компаниялардың есебінен 10 үйде жаңғырту жұмысы басталыпты. Сала мамандары "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүзеге асатын жөндеуге қызығушылық танытып, кейін ойынан айныйтын тұрғындардың да барын жасырмады.

Тұрғын үй модернизациясы бойынша шатырын алмастырып жатырған үйдің бірі-Орда көшесінде орналасқан. Аталмыш 5 қабатты үйдің тұрғындары қыс бойы шатырынан су кетіп, біраз әбігерге түскен. Кейін барлық тұрғын ақылдаса келе, мемлекеттік бағдарламаға қатысамыз деп шешім қабылдапты.

Осы үйдің шатырын мамыр айында жөндеуді бастаған. Мамандар тамыз бен қыркүйекте аяқтайтындарын айтады. Құрылыста Отандық өнім пайдаланылады екен. Мердігер компания тұрғындарға үш жылға дейін кепілдік береді.

Жалпы Орал қаласында 1246 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 127-сі күні бүгінге дейін тұрғын үй модернизациясы бойынша жөндеу көрген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.