0:00 / 0:00
Сенат «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңды қабылдады. Бұл жобаның мақсаты- өңірдің инфрақұрылым мен әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейту. Қаланың елеусіз шет аймақтарына көңіл бөлуге мүмкіндік туады. Құжатты қорғанан Ұлттық экономкиа минситрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, елді мекендерді агломерациялардың құрамына енгізу және олардың тізбесін жүргізу қағидалары министрліктің бұйрығымен бекітілетін болады. Осы орайда, агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлеріне орталық қаланың әкімшілік мәртебесі, демографиялық сыйымдылық, логистикалық әлеует, экономикалық әлеует кіреді. Заң жобасы қабылданғаннан кейін, осы өлшемшарттарға сәйкес, «агломерациялар» ретінде Алматы, Астана, Шымкент, сондай-ақ басқа да облыс орталықтары айқындалмақ. Болашақта Ақтөбе мен Қарағанды қалалрын да қамту көзделіп отыр.
Аумақтардың дамуына кедергі жасап отырған бір мәселе-осы агломерация туралы заңның болмауы, Агломерациялардың дамуын реттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Сенатта талқыланған агломерацияларды дамыту жобасы халық саны артып кеткен қалалардың шет аймақтарын дамытуға мүмкіндік береді. Тіпті қала бюджеті реттелмек. Ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі тұрғысында бірқатар проблема байқалып отыр. Осы орайда инфрақұрылымның барлық түрлеріне жүктеменің артуы, қаланың шет аймақтарында ретсіз құрылыс салынуы, жоспарлау жобаларының дұрыс іске аспауы, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауы, сондай-ақ инфрақұрылымдық, әлеуметтік, өнеркәсіптік және тағы басқа нысандардың тапшылығы сияқты тағы басқа да проблемалар бар дейді Ұлттық экономкиа министрі. Мәжілістен келген «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңды қабылдаған сенаторлар инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік мәселерді шешуге жол ашылады деп отыр.
Бас экономистің айтуынша, агломерация мәртебесіне ие болған қалаларға жан-жақтан көшіп келіп жатқандардың көшін төмендету үшін, маңайындағы кенттерді дамыту қажет.
Министр Қуантыров орталық қала мен оның маңындағы аймақ арасындағы функцияларды заңнамалық тұрғыдан бөлу қажет дейді. Заң жобасына сәйкес, «агломерациялар» ретінде елімізде үш мегаполис қала мен басқа да облыс орталықтары айқындалатын болады. Халық саны 500 мыңнан асқан қалалар агломерацияға ілігеді.
Енді өңірлердің әкімдіктеріне 25 қосымша өкілеттік беріледі. Негізгі заң жобасы бойынша 11 өкілеттік, ал ілеспе заң жобасы тұрғысында 14 өкілеттік қарастырылған. Осылайша орталық қала мен іргелес облыстардың әкімдіктері агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешуге, тиісті келісімді дайындауға және оған қол қоюға қатысатын болады. Сондай-ақ әкімдіктер Жергілікті агломерация кеңесін құрып, кешенді жоспар әзірлеуге қатысады. Соңғы 10 жылда агломерация мәртебесін алып отырған Астана қаласының халқы 59 пайызға, Алматы қаласының халқы 37 пайызға, Шымкент шаһараның халқы 67 пайызға өскен.