Оралда бір түнде 5 пәтер тоналды. Аталған қылмыстар қаламыздың солтүстік шығыс ауданы, Циолковский, Мирзоян көшесін мен Зашаған кентінде орын алғаныпты. Баукеспелер тоналған азаматтардың үйіне ашық тұрған терезе мен есік арқылы баспаларына еніп, қолына іліккен бағалы заттарды қолды қылған. Сол себепті құқық қорғау қызметкерлері есік пен терезені ашқан тұста сақтық шараларын естен шығармауға шақырады. Соңғы бір аптаның көлемінде 10 пәтерге ұры түскен. Қазіргі таңда, түнде есігі ашық қалған үйді тонаған баукеспе құрықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.