0:00 / 0:00
"BINOM" мектебінде дау шықты. Балаларын бастауыш сыныпқа беруге өтініш білдірген ата-аналар бұл мектепте орын жоқ екенін айтып шағымданды. Мектеп маңында тұратындар балаларын осы білім ордасына бере алмай әлек. Дүйсенбінің таңынан елорданың Жағалау ауданында орналасқан "BINOM" мектебінің алдына 2 мыңға жуық ата-ана жиналып, байбалам салды.
Нұр-Сұлтан қаласында "BINOM" мектептеріне сұраныс артып тұр. Елордада "BINOM" желісіндегі 4 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі тетігі бойынша салынған болатын. Олардың әрқайсысы 2 мың оқушы орнына есептелген. Мектептер барлық қажетті компьютерлік жабдықтармен, зертханалармен, жиһаздармен жабдықталған. Алайда, мектеп маңында тұратындардың бәрі бірдей балаларын жақын маңдағы "BINOM" -ға бере алмай отыр. Себебі, мектепте орын жоқ. Таңғы бестен елорданың Жағалау ауданындағы "BINOM" мектебіне бастауыш сыныпқа балаларын беруге келген ата-аналар шу шығарды.
Алайда, мектеп әкімшлігі ата-аналардың шағымына сәйкес, бастауыш сыныптың бәрінде бірдей орын жоқ дегенмен келіспейді. Қазақ сыныптарында орын бар. Мәселе, орыс сыныптарына қатысты болып тұр дейді мектеп басшылығы. Қаракөз қазақтар балаларын орыс сыныбына беруге тырысып жатыр дейді ол.
Айта кету керек BINOM мектебіне келушілер тегін білім алады. Оқыту тәсілі отандық модельмен қатар Фин¬ляндия, Оңтүстік Корея, Ұлыбри¬танияның озық халықаралық жүйесінің негізінде ұйымдасты¬рылған. BINOM¬-ның мұғалім¬дері балаларды ұлы ойшыл Әбу Насыр әл¬Фараби бабамыздың еңбектеріне негізделген Аmanat тұжырымдамасына – құрмет, қамқорлық, жауапкершілік, ең¬бексүйгіштік, даму қағидатына сәйкес тәрбиелейді. Әрине мұндай мектепке сұраныс артады. Жаңа оқу жылында елордада "BINOM" желісіндегі бесінші мектеп ашылмақ. Айта кету керек, "BINOM" мектептерінің білім беру әдістемесінің өзге мектептерден түк айырмашылығы жоқ. Бар болғаны жаңа ғимарат, заманауи технологиямен қамтылған.