0:00 / 0:00
Еліміздің билік тармағына жаңа адамдар керек. Қазір саяси реформалар жүзеге асуда. Осы реформалар аясында үлкен өзгерістер болып жатыр. Ары қарай саяси-экономикалық реформаларды жалғастырып, жүзеге асыру үшін Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қажеттігі туындап отыр дейді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бұл жайында ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.
Алдағы Президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевпен бақ сынасатын кандидаттарды көре аламыз ба деген сұрақ туады. Сенат төрағасы елімізде әртүрлі саяси күштер бар екенін, сол себепті Тоқаевтан басқа да лайықты үміткерлер болатынын айтты. Сайлау болады дегеннен-ақ, саяси партиялар ұйқыдан оянып, белсенділік таныта бастады.
Спикер Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, келесі жылға жоспарланып отырған Парламенттің кезектен тыс сайлауынан соң депутаттыққа түрлі саланың мамандары келеді. Айтпақшы сенаторлардың саны қысқарып, Президентпен тағайындалған сенат депутаттары 5 адамға қысқарады.