0:00 / 0:00
Күнбағыс майын өндіріп отырған кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Себебі, қазақстанда күнбағыстың дәніне баж салығы енгізіліп отыр. Шикізат құнының 20 пайызына осындай салық салынуда. Яғни бір тонна үшін 100 еуро салық салынады. Бұған дейін сауда министрі Серік Жұманғарин күнбағыстың дәнін сыртқа шығаруда кедендік баж салығын енгізе отырып, шикізаттың экспорттық ағындарын реттейміз дегенді. «Ақ жол» партиясының жиынында осы саланың кәсіпкерлері баж салығынан жұмысымыз тоқтап қалады деп даурықты.
Осылайша, сауда министрлігі күнбағыс дәнін экспорттауда кедендік баж салығын енгізе отырып, өсімдік майын өндіретін зауыттардың қуатын күшейтіп, қайта өңделген ауылшаруашылық өнімдердің экспортын арттыруға мүмкіндік туады деп сендіреді. Алайда, осы салада ісін өрбітіп отырған кәсіпкерлер бұл баж салығы бизнестің жұмысын тоқтатып тастайды деп даурықты.
Проблемаларын алға тарқан күнбағыс майын өндіріп отырған кәсіпкерлер, үкіметтен 20 пайыздық баж салығын алып тастауды сұрады.
Ақжолдықтар болса, кәсіпкерлерге қолдау жасамасақ,егін салу жұмысы тоқтап, олар табысынан айырылады, жұмыссыздық орын алады дейді.
Ал сауда министрлігі күнбағыс дәнінің экспортына салынып отырған баж салығынан бас тартайын деп отырған жоқ. Тіпті оны төмендетуге де мүдделі емес. Дегенмен, шенеунік бизнеске қолдау жасаймыз деп сендірді.
ӘЛИЯ ӘЛІМБЕТОВА – ҚР СИМ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ «Экспортқа өңделген өнімді шығарарда бизенске қолдау көрсетіледі. Күнбағыс майын экспортқа шығаруға, оны сыртқы нарыққа таратуға, көлік шығынын өтеуге субсидия сұрай аласыздар. Оның бәрі субсидияланады».
Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда майлы дақылдарды егу алаңы 1,4 есеге ұлғайып, 3 463,4 мың гектарға жетті. Өткен жылдың күзінде 1,1 млн тонна күнбағыс жиналған.