Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыс Қазақстандықтар "Таза Қазақстан" акциясына ат салысты

c 13:49, 29/07/2019 c 1012

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандықтар "Таза Қазақстан" акциясына ат салысты. Орал қаласының өзі және облыстың барлық аудандарының халқы жұмыла еңбек етіп, барлық су қоймаларының жағалауын қоқыстан тазалауға кірісті."Таза Қазақстан" акциясына Орынбор қаласынан келген қонақтар да ат салысты.Акцияның бірінші аптасында Батыстықтардың белсенділігі өте жоғары болды."Таза Қазақстан" акциясына БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзі бастап шықты.Жайық өзенінің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізгендердің қатарында Орынбор қаласынан келген экспедиция мүшелері де бар.БҚО -ның барлық су қоймалары мен өзен - көлдерінің жағалауларын тазалу жоспарланып отыр.Акцияның алғашы күні БҚО бойынша 19 мың адам ат салысып, су жағалауларын қоқыстан тазартты.
"Таза Қазақстан" акциясына 114 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.Және барлық кәсіпкерлік нысандары, базарлар ат салысып отыр.Әр мекемеден жиналған белсенділер Жайық, Деркөл, Шаған өзендерінің жағалауларын қоқыстан тазартты.Жайық жағалауын тазалау жұмыстарына ірі кәсіпкерлік нысандары тартылып отыр.Акцияның мақсаты адамдарды табиғатты құрметтеуге шақыру, қоршаған ортаның тазалығына ат салысуға үндеу.Акцияның ашылу салтанатында да осы тектес үндеулер мен насихаттар айтылды.
Табиғатты қорғау әр адамның міндеті.Бірақ оны түсінетіндер аз.Оны жағалауда үйілген қоқысқа қарап түсінуге болады.Бұл жиналған қоқыстар қоқыс өндеу зауытында сұрыпталып,кері өндеуге жіберіледі деп жоспарланып отыр."Таза Қазақстан" акциясы бір айға жуық уақыт өтетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.