Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҒДАЙ ҚИЫН»

c 09:42, 15/03/2023 c 143

0:00 / 0:00

Еліміздің батыс өңірлері көктемнің әлегін көріп жатыр. Әсіресе Батыс Қазақстан облысында жағдай қиын. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласында және үш ауданда төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Бұл жайында әкім Астанада өткен үкімет отырысынан соң, тілшілердің сұрағына жауап берді. Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды баяндады.

Батыс Қазақстан облысында биыл қар аз жауса да, жер тоң болып, жауған қар, жаңбыр сіңбей қалды. Салдарынан күн жылып, еріген қар суы елді әбігерге салып жатыр. Сырым ауданының Жымпиты ауылында қар суымен келген кесек-кесек мұз қораларды бұзып, үйлерге қауіп төндірді. Ақбұлақ ауылында қар суы бөгеттің бір бөлігін бұзып кетті. Су астында қалған үйлерден 44 адам құтқарылды. Осылайша бөгеттің бұзылуынан далаға аққан су ауылдарға қауіп әкелуде. Әкім Төреғалиевтің айтуынша 50 мың тұрғыны бар Зашаған кентін таудан келіп жатқан қар суы басып жатыр. Ал Жайық өзені арнасынан асып кетсе, Орал қаласына қаупі төніп тұр дейді әкім.

Әкім өңірдегі су тасқынымен күресуге өз шамамыз жетеді деп отыр. Қазір Орал қаласы мен бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Аймақта 149 адам, 300-ге жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Тек бір аптада Батыс Қазақстан облысында қар жамылғысының 60 пайызға еріп кеткен. Күн күрт жылып, салдарынан қар суы Бөрлі, Сырым, Теректі аудандарда 48 тұрғын үйді басып қалды. Еліміздің бас құтқарушысы Ильиннің айтуынша, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і - Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті».

Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.