Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСТЫ ҚАРЖЫ ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

c 17:58, 10/11/2022 c 1023

0:00 / 0:00

Сенат «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады. Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов сенаттың жалып отырысына нөкерлерін ерте келді. Төрт көз түгел жиналған отырыста бюджет құжаты талқыға салынды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, 2023 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 17,8 трлн теңге сомасында анықталды. Бұл ретте мұнайға қатысты емес түсімдердің үлесі биылғы 59,8 пайыздан 2025 жылға қарай 78,2 пайызға дейін өсумен көзделген. Ал бюджет тапшылығы 2023 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызынан 2025 жылы кезең-кезеңмен 2,5 пайызға дейін төмендеуімен айқындалған. Сондай-ақ, жалпы үш жылдық бюджетте шығыстар - 36,2 трлн теңгені құрамақ. Оның 90 пайызы зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы қаржылай өтемақы төлеуге арналған. Бұл жолы Смайылов үкіметі шығыстарды жабу үшін ұлттық қордан тартатын қаржы көлемін қысқартқан.

Дегенмен сенаторлар, бюджетте мұнай бағасын белгілеуде тәуекел бар дейді.

Жалпы бюджетті талқылауда депутаттар тарапынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 113 ұсыныс түсіп, салыстырмалы кестеге енгізілді. 71,8 млрд теңге сомасындағы ұсыныс қолдау тапты. Олар - елді мекендерде ішкі жолдар мен көпірлерді салу және реконструкциялау, қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау, газбен қамту мәселелері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.