Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ КАРТАСЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

c 18:40, 09/02/2023 c 146

0:00 / 0:00

Енді қазақстандық журналистерге баспасөз картасы берілетін болады. «Масс медиа туралы» заң жобасында журналистің мәртебесін айқындау көзделіп отыр. Баспасөз картасы сол журналистің статусын айқындау үшін, жалпы журналист пен блогерді ажырату үшін беріледі. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтқан болатын. Министрдің айтуынша, бұл жаңашылдық Еуроодақтың біраз мемлекеттерінде, мысалы Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылып келеді. Масс медиа туралы заң жобасында тағы қандай жаңашылдықтар бар? Ол жайында вице-министр Қанат Ысқақов айтып берген еді.

Ақпарат министрлігі БАҚ өкілдеріне «Баспасөз картасы» механизмін енгізуді ұсынып отыр. Бұл жаңашылдық «Масс медиа туралы заң жобасына енгізілмек. Press картасы журналистің мәртебесін айқындау үшін берілмек.

Мұндай тәжірибе Еуроодақтың бірқатар елінде бар екен. Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылып келе жатқан көрінеді. Бұған дейні ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі баспасөз картасын беру механизмін қарастырып жатырмыз. Бұл негізі журналистердің өзін-өзі реттеу механизмі бойынша арнайы комиссия арқылы реттеледі деген еді. Вице-министр Ысқақовтың айтуынша, рress картаны министрлік бермейді, ол жұмыспен қандай да бір журналистер қауымдастығы айналысатын болады. Аталған заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық.

Бүгінгі сенатор, бұрынғы журналист Бибігүл Жексенбайдың Масс медиа туралы заң жобасына қатысты пікірін білгенімізде.

Сондай-ақ, вице-министр Ысқақовтың айтуынша, журналист баспасөз картасынан бас тарта алады. Тек мемлекеттік органдардың тіркеуінен өз бетінше өтуі керек болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.