0:00 / 0:00
Пандемия кезінде үйде отырып қалған жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылыққа тап болғандар саны артқан. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, орын алған қылмыстың 60 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалған. Зорлаушылардың 20 пайызы әкелері, өгей әкелері, сондай-ақ олардың анасымен бірге тұратын азамттық некедегі ер адамдар. 50 пайызы жәбірленушілердің туыстары. Осылайша жақынынан жәбір көріп жатқан балаларды қорғау мәселесі өзекті болып отыр. Мұндай жағдайға себеп болып отырған тағы бір мәселе - балалардың жыныстық тәрбиесінің нашарлығы.Министр зардап шеккендердің 30 пайызы өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскендер дейді. Бұл мәселе бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында талқыланды.
Қауіпті індеттің таралуы, карантиндік шектеулер адамдарды үйге қамап қойды. Балалар білім ордасына бармай, үйден оқып, оқшауланып қалғанды. Осы 1,5 жылы ішіндегі карантиндік шектеулер елдегі қылмыстың артуына себеп болды. Өкінішке орай балаларға қатысты зорлық-зомбылық өршіп кетті. Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, 2020 жылы жасөспірімдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық екі есеге артқан.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «2020 жылы жасөспірімдерге қатысты зорлық –зомбылық 2 есеге өсті. 150-ден 226-ға оқиғаға дейін. Зорлау бойынша 12 пайызға артты. Осы жылдың тоғыз айында балаларға қатысты жыныстық-қатынасқа мәжбүрлеу 13 пайызға көбейді»
Депутаттың келтірген деректерінен төбе шашың тік тұрады. Министрдің айтуынша, балалар көп жағдайда жақындарынан жәбір көріп жатады. Бір өкініштісі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жасөспірімдердің 30 пайызы өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Денсаулық сақтау басқармасы арқылы 70 факт анықталды. 13-14 жастағы қыз балалар осындай жағдайға тап болады. Тұрғымбаев балаларға тек мектептерде ғана емес, әлеуметтік желілерде де жыныстық тәрбие беру бойынша қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу керек дейді.
ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВ –ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ "Бір жарым жылдан бері пандемия жағдайында болдық. Балалар оқу орындарына бармады. Қылмыстың 60 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалған. Зорлаушылардың 20 пайызы әкелері, өгей әкелері, сондай-ақ олардың анасымен бірге тұратын азамттық некедегі ер адамдар, 50 пайызы жәбірленушілердің туыстары".
Кәмелет жасқа толмағандарды жыныстық қарым қатынасқа мәжбүрілеген педофильдерге электронды білезік тағылатын болды. Қазір елде 2 мыңнан астам педофил жазасын өтеп жатыр. Ал пробациялық есепте 330-ы тұр. Полиция келесі жылдан бастап Қазақстанда 300-ден астам педофильге электронды білезік тағылады деп отыр.
Ал педофильдерді бақылау білезігі жалға алынбақ. Бір электронды білезіктің ай сайынғы төлемі 10 мың теңгені құрайды. бір білезіктің құны 200 мың теңге және одан жоғары тұрады. Министр
алдағы жылы электронды білезіктерге 356 миллион теңге бөлінетінін айтты