Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАЙЫҚ!

c 19:09, 18/05/2022 c 973

0:00 / 0:00

Аты шулы Art Sport бағдарламасына қатысты ата-аналар мен кәсіпкерлер, педагогтер тағы да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдына жиналып, наразылық акциясын өткізді. Олардың талабы- әкімдіктер Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатпасын! Балаларымызды қолдайық дейді жиналған қауым. Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру бағдарламасы іске қосылған еді. Осылайша балаларға арналған үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Әу баста тегін үйірмелерді ұйымдастыра отырып, балалар арасындағы суицид пен есірткіге қарсы күресті күшейту жоспарланған еді. Алайда, жергілікті жерлерде әкімдіктер Президенттің тапсырмасын тоқтатпақшы. Елордалықтар тағы да жиналып, қала әкімдігінен қаржыландыруды тоқтатпауды сұрады.

Бүгінде Қазақстан бойынша 500 мыңдай бала тегін үйірмелерге барып жүр. Бұл өткен жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды жаппай спортқа, шығармашылық үйірмелерге баулу жұмысын бастау барысында қолға алынған шара еді. Әкімдіктер шығармашылық, спорт үйірмелерін Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландырады. Осылайша талабы бар балаға қолдау жасалуда. Алайда, балаларын тегін үйірмеге беріп бастаған ата-аналардың қуанышы көпке созылмайтын сияқты. Өздеріңізге мәлім, әкімдіктер бұған дейін Art Sport бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатынын мәлімдегенді. Бұл президенттің тапсырмасына қарсылық білдіру дейді кәсіпкерлер.

Ал осы салада кәсібін ашып, балаларды оқытып, тоқытып жатқан бизнесмендердің көбі несие алып, үйрімелер ашқан. Бұл қаржыландыру тоқтатылса балалар мен бірге осы бизнеске қаржы құйған кәсіпкерлер де зардап шегеді. Салдарынан орташа алғанда 40 мың жас маман жұмыссыз қалмақ. Жүздеген баланы еркін күреске баулып, жаттықтырып жүрген Жарас Алдияров талабы бар қаншама жеткіншектің болашағына балта шабылады ма деп уайымдайды.

Тегін үйірмелер көпбалалы, табысы аз отбасылары үшін өте тиімді болып тұр. Жеті баланың анасы Салтанаттың бес бірдей ұлы спортта шынығып, жүлделі орындар алып жүр екен.

Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының маслихат депутаттар алдағы үш айға бюджетті бекітті. Наразы топтың алдына шыққан әкімдік өкілі осы жылға үйірмелерге тегін жолдама алғандар жыл соңына дейін бара береді. Жаңа ваучер берілмейді деді. Осылайша бір жылға жетпей жатып, бастау алған жақсы үрдістің соңы айғай-шуға ұласты. Ал көрші Ресейде мұндай жүйе ендігі 15 жыл жұмыс істеп тұр екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.