0:00 / 0:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды- "Балалар жылы" деп жариялағаны мәлім. Ендігі бесінші ай болды, бала мүддесін қорғайтын нақты шешімді, шараны көрмей отырмыз. Тек мектептер мен балабақшаларда ұрандатқан шаралар көзге түседі. Тіпті жаңа мектептің ашылуын да «Балалар жылымен» байланыстырып отырғандардың әрекет күлкіңді келтіреді дейді мәжіліс депутаттары. Ал Мемлекет басшысы бұл жылды тек ұрандап не мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керегін айтқан болатын. Депутаттар Балалар жылына бөлінген 48,3 млрд теңгенің дұрыс жұмсалуын, жалпы балаларға қажетті шаралардың қамтылуын бақылауға алмақ.
Балалар жылы да, алдыңғы жылдағы жастар жылы, одан қалды еріктілер жылы сияқты алаулатып, жалаулатып өтіп жатыр деген сыни пікір бар. Үкімет қаулысымен бекітіліген Балалар жылына арналған шараларды жүзеге асыруға 48,3 млрд теңге қарасытырлған. Оның 16,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Балалар жылының бастау алғанына бесінші ай болды, бала мүддесін қорғайтын мазмұнды, қажетті шаруаны көзіміз шалмады. Тек мектептер мен балабақшалардағы жалпылама шараларды ғана көріп жатырмыз. Кейбір облыстар балалар жылына былтырдан шешілмей жатқан проблемаларын қыстырып жатыр дейді депутаттар.
Бүгінде ерекше балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері де аз. Себебі науқас балаға дәрі-дәрмек көп жұмсалады. Оның үстіне дәрі бағасы да күйіп тұр. Баланы емдетуге берілген квотада тек балаға қаржы бөлінеді. Ал баласын емге апаратын ата-анаға ешқандай көмек жоқ.
Әлеуметтік желіде баласын шетелге апарып емдетуге ақша сұраған ананы жиі көресіз. Елімізде 625 мың бала тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатыр дейді мәжіліс депутаттары.
ЮНИСЕФ-ң мәліметінше, Қазақстандағы әрбір алтыншы бала кедей отбасында өмір сүреді. Жағдайы жоқ отбасының 90 пайызы көпбалалы. Әрбір көпбалалы отбасының тапқан табысы азық-түліктен артылмайды. 4 пайызында тамаққа ақша жоқ. Әрбір үшінші көпбалалы отбасының жиған-тергені жоқ. Осылайша еімізде 6 миллион баланың 1 миллионы кедейліктің зардабын шегіп жатыр. Ал бұл балаларға жоқшылықтан шығу оңайға түспесі анық. Депутаттардың айтуынша, балалар жылына тек білім министрлігі ғана емес, барлық мемлекеттік органдар өз үлесін қосуы керек. Алайда, білім және ғылым министрлігі өзгелерге жол бермей отыр. Нәтижесінде министрлік қадалағау жұмысын жүргізе алмауда.
Сондай-ақ, Бейсенбаев үкімет аз қамтылған отбасындағы әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 35 мың теңгеге дейін арттыруды қолдамады дейді. Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша Қазақстан халқының кірісі төмен елдердің қатарында тұр. Күніне 5,5 доллар табыс табады. Бұл айына 70 мың теңге. Яғни Дүниежүзілік банктің есебінше айына 70 мың теңге табыс тапқандар кедейлердің қатарына кіреді. Ал Қазақстанда күн көріс деңгейі 34 мың теңгеден төмендер ғана кедей болып есептеледі. Бұған білім беру, баланы дамыту, денсаулығына қажетті шығындар кірмейді.