Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар алаңы көбейеді

c 12:09, 30/10/2018 c 478

0:00 / 0:00

"Менің елім" бағдарламасы барысында қаламызда биылғы жылдың қорытындысы бойынша 4 кешенді спорт алаңының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде олардың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Нысандардың жалпы құны 200-млн астам . Қаржыландыру көзі "Самұрық қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен бөлініп отыр . Сондай нысанның бірі тұңғыш президенті алаңы маңында орналасқан.
Нысанның аумағы 920 шаршы метрді құрап отыр . Мердігердің айтуынша балалар алаңқайы қараша айының орта шамасында берілуі тиіс. Былтыр "менің елім" бағдарламасы бойынша өңірде 7 спорт алаңы халық игілігіне берілген.

Асхат Байназаров, қала тұрғыны:

Қаламызда тұрғындарға барлық жағдай жасалуда . Соның дәлелі мына салынып жатырған балалар алаңы. Қуаныштымын. Енді балаларымды осында алып келіп ойнатамын. Біздерге де пайдасы бар. Жаттығу жасаймыз. Себебі, бірінші байлық денсаулық.

Келер жылы жергілікті бюджет есебінен 22 спорт алаңының құрылысын бастау жоспарлануда .

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.