Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –БАСТЫ МӘСЕЛЕ

c 20:19, 30/05/2022 c 1165

0:00 / 0:00

Ішкі істер министрлігі әкімдіктерді балалардың бос уақытын ұйымдастыруға шақырды. Оқу жылы аяқталып, қазір оқушылар түгелімен жазғы демалысқа шықты. Бұл жағдайда бос қалған балалар қауіпсіздігі басты мәселе болып тұр. Тәртіп сақшылары ата-аналарға шомылу маусымы басталғанын еске салады. Себебі, қараусыз қалған балалар рұқсат етілмеген жерлерге барып суға түсіп, аяғы қайғылы жағдайлармен аяқталып жатқан оқиғалар тіркеліп жатыр. Ең бастысы әкімдіктер балаларды тегін спортқа және үйірмелерге баруға жағдай жасауы керек дейді полицейлер.

Жайдары жаздағы каникул балалардың жыл бойы күтетін кезеңі. Алайда, жұмысбасты ата-аналар үш ай жаз балаларының қасында бола алмайтыны мәлім. Бұл кезде бос қалған баланың қауіпсіздігін ойластыру қажет. Мысалы, қазір жүріп жатқан жан басына қаржыландыру арқылы тегін спорт үйірмелеріне беру үрдісі үлкен көмек дейді полицейлер. Өкінішке орай, әкімдіктің бұл көмегіне қатысты дау туып жатқаны мәлім. Әкімдіктер қаржыландыруды тоқтатса, қаншама бала қараусыз қалады. Мысалы шомылу маусымында қайғылы жағдайлар көп орын алады. Соңғы екі жылда 250-ден аса бала суға кетті. Осыған орай Ішкі істер министрлігі әкімдіктерді балалардың бос уақытын ұйымдастыруға шақырды.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН – ҚР ІІМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастыру басты мәселе. Қазір жан басына қаржыландыру арқылы тегін спортқа және үйірмелерге беріп жатыр. Бұл өте тиімді шара. Балалар арасында бұзушылықтарға жол бермейді. Сондықтан біз әкімдіктерді қаржыландыруды тоқтатпай, бала қауіпсіздігі үшін қажет шараны жалғыстыра беруге шақырамыз».

Сондай-ақ, балаларын үйде жалғыз қалдырып кеткен ата-аналарға ескерту айтылды. Қараусыз қалған балалардың терезеден құлап кету деректері де көп тіркеледі. Тек елорданың өзінде биыл 9 бала терезен құлады. Ол үшін ата-анасы жауапқа тартыла ма? – деп сұрақ қойылды.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН – ҚР ІІМ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Баланы қауіпте қалдырып кеткені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 19-бабы бойынша жауапқа тарту қарастырылған. Өмірі мен денсаулық жағдайына қауіп төнген адамды көмексіз қасақана тастап кету жауапкершілікке тартудың негізгі алғы шарты екенін атап өткім келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, кінәлінің жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпін сезінуі керек»

Баласы үшін ата-ана жауапкершілігі жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты болады. Қылмыстық кодексте айыппұл төлеу, түзеу жұмыстары түрінде жаза бар. Ал ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған дейді Жұманалин.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.