0:00 / 0:00
Елімізде бала қауіпсіздігі сақталып отыр ма? Соңғы күндері шыққан ақпараттарға сәйкес, балалардың қауіпсізідін қамту мәселесі қоғамда сұрақ тудырып отыр. Жамбыл өңірінде жаңа туған сәбиді сатып жіберді деп күдікке ілінген дәрігерлердің мәселесі. Атырауда сәбиге хиджама жасаған емшінің әрекеті қоғамды қызу талқыланып жатыр. Осыған орай Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз пікірін білдірген еді.
Өздеріңізге мәлім, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтрадың 12 күні Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады. Нәрестені акушерлер 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Олар босанған әйел баласынан бас тартатынын естіп, сәбиді делдал арқылы асырап алғысы келетін адамға сатуға келіскен. Бұл іске қатысы бар барлық адам анықталып жатыр. Әлгі дәріргерлер 9 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сәби қазір балалар үйінде. Ал қол астындағылары бала саудасымен айналысып жатқанда денсаулық сақтау минситрі қандай шара қолданады екен.
АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ "Мұндай жағдайлар бізде, шамамен, бес жыл бұрын болған. Кейін барлық перинаталдық орталық пен перзентханаға бейнебақылау орнаттық, баладан бас тартқан аналармен жұмыс істейтін психологтарды қабылдадық. Осындай мақсатты жұмыстар жүргіздік. Егжей-тегжейін білмеймін, БАҚ мәліметінше, әйел өзі туған баласымен бірге шығарылған, ал бұл жағдайдың барлығы жалдамалы пәтерде болған. Бұл оқиғадан соң елдің түкпір-түкпіріндегі барлық медицина қызметкерлерімен қайтадан жұмыс жүргіземіз "
Министрдің айтуынша, еліміздегі барлық перзентханада бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, басшылар перзентханада не болып жатқанын бақылайды деп сендірді. Ал Атырауда жаңа туған нәрестенің бетін тіліп хиджама жасаған емшінің әрекеті де қоғамда қызу талқыланды. Әлеуметтік желіде сәбидің маңдайын тіліп, қан шығарып жатқан видео тарады. Онда емшінің хиджама жасап жатқанын көруге болады. Емшінің әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды. Балаға зақым келді деп жазып жатты. Министр жалпы хиджама жасау емі лицензияланбаған деп отыр.
АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ "Менің айтарым адамдар баламалы медицинамен көп айналысады. Дәстүрлі емес медицинамен айналысатындар лицензия алуы қажет және тек лицензияланған қызмет түрін көрсетуі керек. Бүгінде лицензияланған медициналық көмек түрлеріне хиджама жатпайды. Сондықтан, комитет бұл деректі анықтап жатыр, тексеру жүргізеді. Алдағы уақытта бұл мәселелерді бақылауға аламыз"
Айта кету керек, Атырауда баланың бетін тіліп "емдегені" туралы ақпарат бұған дейін "НеМолчиKZ" қорының парақшасында пайда болды. Қор өкілдерінің айтуынша, емдік шара хиджама орталығында жүргізілген. Баланың маңдайын тіліп ем жасап жатқан емші өзі видеоның астына «Сәби қой аурын қию» деп жазған.