Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЙЛЫҒЫҢЫЗ ҮШІН АУҚЫМДЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ ДАЙЫНСЫЗ БА?

c 10:10, 19/12/2022 c 635

0:00 / 0:00

Байлыққа салық салу Салық Кодексіне енгізіліп отырған жаңашылдық десек болады. Аталмыш жоба келесі жылы парламентке түсіп, қызу талқылаудан өтпек. Бұл жайында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «байлыққа салық салу» мәселесін көтергенді. Осымен екінші рет қалталы азаматтарды байлығы үшін ауқымды салық төлеуге міндеттеу мәселесі көтеріліп отыр. Талай айтылып келгенімен, жүзеге аспаған еді. Енді нақты заң жобасы әзірленіп жатыр.

Атадан қалған мұра ма, әлде адал бизнестің арқасында байыдыңыз ба, болмаса жемқорлықпен келген байлық па? Оны зерттеу керек. Ал шылқып өмір сүргіңіз келсе, судың да сұрауы бар дегендей. Байлығыңыз үшін қомақты салық төлеуге тура келеді. Жыл сайын байлар мен кедейлердің арақашықтығы алыстап барады. Әлеуметтік теңдік жоқ. Сол себепті байлыққа салық салуды заңдастырған жөн. Негізінде елде мұндай салық болғанды. Бірақ 2007 жылы белгісіз себептермен ол салықты алып тастады. Енді үкімет осы норманы 2024 жылдан бастап қайта жаңғыртпақ. Келер жылдың күзінде Салық Кодексі Парламент Мәжілісіне түседі деген жоспар бар. Зәулім үйлері бар, қымбат шетел көлігін тізгіндегендер үшін бұл жағымды жаңалық емес әрине. Бірақ байлыққа салынатын салықтың орта тапқа қатысы жоқ.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Байлыққа салық салу керек. Сол салық арқылы басқа механизмдерді жүзеге асырамыз. Осылай ұлттық кірісті қайта үйлестіреміз. Даму бағдарламасы, кәсіпкерлікті дамыту арқылы кәсіпорындарға жұмысшылардың жалақысын көтеруді міндеттеу жұмыстары жүргізіледі».

Сондай-ақ, бірнеше жылжымайтын мүлігі бар азаматтарға да салық салынады. Мысалы, яхта, шетелде вилласы, жеке ұшағы барлар да жаңа салыққа ілігеді. Байлыққа салынатын салық құны 60 млн тегңгеден асатын қымбат автокөліктерді де қамтиды. Қазақстанда жылжымайтын мүлігі 100 млн теңгеден асатын 780 адам бар екен.Әрине олар бұл байлығын өз атына рәсімдемейді. Жеке компаниясына тіркейді немесе уақытша кіргізілген деп көресетеді. Я болмаса мүлігін шетелде ұстайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.