0:00 / 0:00
Елдегі байланыс сапасы сұрақ тудырады. Қазақстандықтардың интернет, ұялы байланыс сапасына қатысты шағымы көбейді. Ауыл түгілі, ірі қалаларындың өзінде сапасы көңілден шықпай отыр. Журналситермен өткен баспасөз маслихатында Цфирлық даму министрлігі мен елдегі байланыс операторлары сұрақтарға жауап беруге тырысты. Бірақ жауаптары көңілден шықпады. Сондай-ақ, «Қазақтелекомның» құрамынан бір ұялы байланыс операторы шығарылып, жаңа мобильді оператор пайда болмақ.
Интернет, ұялы байланыс сапасына келгенде дамыған ел -Жапониядан асып кеттік деп дурығып жүрген цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің пікірін қоғам әбден сынағаны мәлім. Министр мырза қаланы да, ауылды да сапалы байланыспен қарық қылам, елдің түкпір-түкпіріне интернет, ұялы байланыс сымын жеткізіп беремін деп айтып келе жатқан уәдесіне де тойдық. Қазір ауыл түгілі елорданың өзінде ұялы байланысыңыз қақалып-жөтеліп тұр. Бүгін журналистердің алдына шыққан ұялы байланыс операторлары да, цифрлық даму министрлігінің өклідері де нақты, мардым жауап айтпады. Жақында Қазақстандағы үш оператор да тамыздан бастап тарифтің өсетінін мәлімдеді. Тілшілер ұялы байланыс операторларына тариф тағы көтеріле ме деген сұрақ қойған еді. Beeline-ң өкілі ондай жоспар жоқ деп құтылса, Tele2/Altel байланысына жауапты компания басшысы базаның бір бөлігі бойынша баға көтерілетін шығар", - деп сызылды. Ал "Кселл"-дің басшысы бұл сұраққа жауап бере алмай сүрінді. Елде байланыс сапасын қамти алмай отырған бұл операторларға салынатын айыппұл көлемін арттыру қажет пе? Министрлік өкілінің жауабынан түсінгеніміз, мұндай жоспар жоқ.
АСХАТ ОРАЗБЕК – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Меніңше жағдай ақырындап реттеледі. Байланыс сапасына қатысты айыппұл көлемін арттыру мәселесі әзірге белгісіз. Ол мехнаизмнің қалай жұмыста істеп жатқанын көруіміз керек. Қазір бұл механизм бір жылдай жұмыс істеп жатыр. Біз ұялы байланыс операторларына айыппұл төлеу ұйғарымын жібердік. Уақыт керек. Бұл механизм тиімді ме, жоқ па. Осы жылда салынған айыппұлдар әлі толық атқарылған жоқ. Айыппұл саны көп болуы мүмкін. Сол себепті. Операторлардың жұмысын жақсарту үшін осы айыпұл көлемі жеткілікті шығар, оны арттыру қажет емес те шығар»
Сондай-ақ, бүгінде монополистке айналған «Қазақтелекомның» құрамынан бір ұялы байланыс операторы шығарылатын болды. Есесіне жаңа мобильді оператор пайда болмақ. Комитет төрағасының айтуынша, Қазақтелекомның құрамынан «Kcell» операторы шығарылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өткізу жоспарланған. Лицензиялық міндеттеме аясында бес жылда 3 мыңнан астам базалық станция орнатылады. Биыл еліміздің үш қаласында 5G желісі құрылады. Қазір Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қаласында, сондай-ақ басқа да бірқатар шаһарда 200-ден астам базалық станция қойылды», - деді «Kcell» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков. Осылайша, қолда бар байланыс сапасы сын көтермей тұрғанда 5G жилігін ортануға бел буып отырмыз.