0:00 / 0:00
Жаңа жылдың қарсаңында бағаның өсуі ықтимал. Ендігі мерзімдік жеміс-жидектер мен көкөніске баға өсіп жатыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов инфляцияның өсімі жеделдегінін айтып, өңір әкімдерін баға тұрақтылығын қамти алмай отыр деп сынады.
Ал жылдың аяқталуына 1,5 ай уақыт қалды. Премьер-министр осы аз уақыттың ішінде барлық жобаларды аяқтап, жоспарларды іске асырып, бюджетті тиімді игеруге күш салу қажет деген міндетті жүктеді әкімдер мен министрлерге. Өз кезегінде Ұлттық банк жылдық мәнде инфляция 18,8%-ке жеткенін хабарлап отыр. Ал азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 23,1%-ті құрап отыр, өйткені жеміс-жидек пен көкөністің маусымдық арзандауы аяқталған. Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын инфляция да 17,9%-ке дейін өсті. Импортпен келетін тауарлар бағасы тез өсуде. Ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ке жеткен. Тұрғын үйді жалға беру ақысы да төмендемей тұр. Ал энергия өндіруші компаниялар тарифінің өсуіне байланысты электр қуатының құны қымбаттады. дегенмен, бас экономист инфляцияны тежейміз деп сендіреді.
Ал жаңа жылда бағаның өсуі – маусымдық фактор деп жұбатты экономика министрі.