Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАҒА ТҰРАҚТАЙ МА?

c 18:06, 22/11/2022 c 1250

0:00 / 0:00

Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент сайлауынан кейін Үкіметтің алдында тұрған маңызды шаруаларды атады. Экономикада, әлеуметтік салада және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер осы сайлауалды бағдарламаның негізі болады деді ол. Ал шарықтап жатқан баға тұрақтай ма деген сұраққа премьердің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді.

Баға тұрақтай ма? Бұл соңғы кездері шенеуніктерге жиі қойылатын сұрақ. Себебі, дүкен сөрелеріндегі азық-түлік, киім-кешектің бағасы, тіпті қызмет көрсетудің құны шарықтап кетті. Ұлттық банк жылдық мәнде инфляция 18,8%-ке жеткенін хабарлағаны мәлім. Ал азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 23,1%-ті құрады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да 17,9%-ке дейін өсті. Импортпен келетін тауарлар бағасы күйіп тұр. Ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ке жетті. Тұрғын үйді жалға беру ақысы да түсетін емес. Ал энергия өндіруші компаниялар тарифінің өсуіне байланысты электр қуатының құнын қымбаттатты. Сонда қымбаттамаған не қалды? Ал сауда министрі «бағаны тұрақтандырамыз»- деп өтірік айта алмаймыз деп, ағынан жарылды.

Осылайша вице-премьер айтқандай импортқа тәуелділіктен арылғанша, баға түспек түгілі, тұрақтайды деп армандаудың да қажеті жоқ сияқты. Ал министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов Президент Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау үшін аянбай жұмыс істеу керек деп отыр.

Алдағы жеті жылда экономикамыз дамып, әлеуметтік мәселелер шешіліп, халықтың әл-ауқаты жақсарса жақсы ғой.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.