0:00 / 0:00
Енді үкімет қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сапалы сумен қамтуды 2025 жылға дейін қатырамыз деп отыр. Оған қазынадан 498 млрд теңге қарастырылған. Бұл қомақты қаржы жемқорлармен қолды болмай, ауадай қажет болып отырған ауыз су халыққа жетсе деген үміт бар.
Мәтін. Тіршілік көзі саналатын ауыз су тапшылығы халық арасында әсіресе ауылдықтар үшін басты мәселеге айналған. Бұл мәселе басқа да әлеуметтік проблемалардың туындауына ықпал етуде. Себебі, сапасыз су ішкен адамдар асқазан-ішек жолдарының ауруларына шалдығып, науқастардың саны артып барады. Ал елдегі алты мың ауылды түгел сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге үкіметтің шамасы жетпей отырған жоқ. 2000 жылдардың басында «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып, қазынадан қаражат та бөлінді. Алайда, бюджет қаражаты орта жолда жемқорлардың қолына түсіп, халықты сапалы сумен қамту жұмысы аяқсыз қалуда. Бюджеттен қыруар қаржы бөлгеніне қарамастан, республикамызда таза ауыз суға зәру елді мекендердің саны әлі де азаймай отыр. Бүгінде 2 мыңға жуық ауыл ауыз сумен қамтылмаған.
Енді шенеуніктер қалалар мен ауылдарды түгел 100 пайыз сапалы сумен қамтуды 2025 жылға дейін қатырамыз деп отыр. Оған қазынадан жарты трлн теңге қарастырылған. Бұл қомақты қаржы жемқорлармен қолды болмай, ауадай қажет болып отырған ауыз су халыққа жетсе деген үміт бар.
Жалпы республика бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сапалы ауыз сумен қамту деңгейі тым төмен.