Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА 1,3 ТРЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

c 10:07, 20/10/2021 c 763

0:00 / 0:00

Министрлер кабинеті «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды талқылады. Ұлттық экономика министрінің баяндауынша 2025 жылға дейін ауылды дамыту бағдарламасына қазынадан жалпы 1,3 трлн теңге бөлінді. 2019 жылдан бері бұл бағдаралама шеңберінде 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 5,2 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 1 225 жоба жүзеге асты. 1 200 –ден аса мектеп пен балабақша, 234 фельдшерлік пункт, амбулаториялар мен емханалар, 536 клуб, мәдениет үйлері мен кітапханалар, 175 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары cалынды және жөнделді дейді министр Ерғалиев.
Үкімет алдағы төрт жылда 7 миллионға жуық халқы бар 3,5 мың ауылды дамытуды көздеп отыр. Ауылдықтар үшін басты проблема- автокөлік жолы. Бүгінде шалғай ауылдардың жолдары сын көтермейді. Облыс орталықтарына, қалаларға қатынау ауыл халқы үшін жыры бітпеген проблема. 2019-2025 жж арналған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында ауылдар дамып кетпек. Елдімекендерде мектеп, аурухана, мәдениет үйлерін , спорт нысандарын салу және жөндеуден өткізу,инфрақұрылымды дамыту, сапалы жол төсеу, тұрғын-үй коммуналдық шарушалықтарын ретке келтіру қолға алынуда. Шенеуніктерге сенсек ауыл көркейіп, халықтың өмір сүру салты қалалықтардан кем болмайды. Ол үшін Канада тәжірибесін қолданып жатырмыз дейді бас экономист.

Үкімет ауылдарды дамытуға қазынадан 1,3 трлн теңге бөлген.

Осылайша 2025 жылы ауылдық жерлерде сапалы сумен жабдықтау 100 пайыз шешіліп, кент ішіндегі 10 мың шақырым жол жөнделеді. 5 мың мектеп жаңғыртылып, 315 білім ордасы салынады. Балабақшалар бой көтереді. Мыңнан аса медициналық мекеме, 1 700 спорт және 1,5 мың мәдениет нысандары салынбақ. Ауылды дамытуға арналған жоспар тап-тамаша. Ең бастысы оған бөлінген қомақты қаржы дұрыс жұмсалса игі.

Сонымен қатар үкіметтегілер ауылда еңбек өнімділігі 2,5 есеге өсіп, 500 мың жұмыс орны құрылады және 1 млн ауыл тұрғынының табысы артады деген таудай уәдесін алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.