Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛДА ДӘРІГЕР ТАПШЫ

c 19:35, 09/09/2022 c 2074

0:00 / 0:00

Ауылды жерлерде медицина маманы тапшы. Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, жыл басынан бері 1 мың маман жетпей жатыр. 200 ауылда медициналық мекеме атымен жоқ. Себебі ауылға медицина кадрларын тарту қиын. Жоғары жалақы, баспанамен қамту мәселелерін шешпей, ауылда дәрігер ұстау мүмкін емес. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде баспаналы болуға жәрдемақы көзделген. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен елді мекендердегі мамандарды ынталандыру мақсатында әр дәрігерге 1-2 млн көлемінде қаражат бөлінеді. Кей өңірерде көтерме төлемдер төленіп жатыр. Нәтижесінде өткен екі жылда ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына 1300-ден түлек жұмысқа орналасқан. Дегенмен бұл шалғай ауылдардағы проблеманы шешпей отыр.

Президент жолдауында 650-ден астам ауылда медициналық мекеме салу тапсырылғанды.

Денсаулық сақтау мнистрлігі халқының саны 50-ден 500 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт ашпақ. Ал тұрғындар саны 5000 адамға жететін ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар, одан көп болса алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары ашылады. Осылайша жанына дауа іздеген ауылдықтар қалаға келіп жүрмей-ақ, қолжетімді медицинаға жүгіне алатын болады. Министрліктің мәліметінше, ауылдың денсаулық сақтау шығындары алғашқы медициналық-санитарлық көмек шығындарына кіреді. Бүгінгі күні 460 миллиард теңге жоспарланып отырса, оның 40 пайызы ауылға жіберіледі.

Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша, 50 жылдан кейін артық салмақ салдарынан болатын өлім-жітім күрт өседі. Ал Қазақстанда балалардың 20 пайызы артық салмақтан зардап шегіп отыр. Және бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп келеді.

АРТУР ВАН ДИЗЕН –ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛІ «Тамақтанудың үш проблемасы бар. Бірншісі артық тамақтану, тамаққа жарымау және тамақтану теңгерімі жоқ. Балалардың ағзасына қажетті дәрумендер тапшылығы да бар. Балалар арасындағы семіздік артып келеді. 5-9 жастағы балалар арасында артық салмақ қосу көрсеткіші 27,6 пайызды құрады»

Мамандардың айтуынша, балалар арасындағы семіздікке қарсы күресті күшейту керек. ЮНИСЕФ пен Қазақстанның ұлттық қоғамдық тамақтану орталығы бірлесіп, оқу ағарту ісі министрлігіне мектептерде балаларды тамақтандыру мәзірін өзгертуді ұсынбақ.

Ұлттық қоғамдық тамақтану орталығы жүргізген зерттеуге сәйкес, 10 жасар әрбір бала артық салмақтан зардап шегеді. Бастауыш сыныптары оқушыларының 19,1пайызында артық салмақ бар. Зерттеуге сүйенсек, қыз балалардан гөрі ер балалар салмақтан көбірек зардап шегеді екен. Қыздардың 5.5% артық салмаққа шалдықса, ұдарда бұл көрсеткіш 6.5% құрайды. Қазақ балаларының 20 пайызында күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жеміс-жидек жоқ. Есесіне, мектеп оқушылары газдалған және энергетикалық сусындарды көп ішеді. Зиянды тез дайындалатын тамақтарды тұтынады. Ал оның құрамында пайдалы заттың болуы екіталай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.