Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ БАСШЫЛЫҒЫН ЖАУАПКЕРШІЛІКЕ ТАРТУ КЕРЕК»

c 08:53, 20/06/2023 c 132

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің атқарып жатқан жұмысына көңілдері толмайтынын айтты. Шаруаларға субсидия беру, отандық өнім түрін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты аталмыш министрлік мардымды жұмыс атқарма отыр деп сынады депутаттар. Бұл жайында мәжілісте өткен үкімет сағатында айтылды. Депутаттардың алдына келіп, есеп берген ауыл шаруашылық министріне қойылған сұрақтар көп болды. Үш сағатқа созылған үкімет сағатында заңсыз қолды болған жерлерді қайтару, шаруаларды қолдау, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді қолға алу мәселеріне қатысты сұрақ көтерілді.

Үш сағатқа созылған үкімет сағатында ауыл шарушалығына қатысты шешлімей жатқан проблемалар сөзге тиек болды. Министр Ербол Қарашөкеев өз сөзінде импорт алмастыруды, «апорт» алмасын өсіруді дамытуды қозғап еді. Депутат Бақытжан Базарбек алманың отаны-Алматы өңіріндегі алма бақтар түгел оталып, экс-президенттің жақындарының қолында кеткенін айтты. Өкінішке орай бұл жерлер Алматының бұрынғы әкімдерінің заңсыз шешім қабылдауымен жүзеге асқан. Осылайша 70 пайыз алма бағынан айырылып отырмыз.

Депутаттың айтуынша, қазірдің өзінде сол заңсыз иеленген жерлерді тартып алуға күшіміз жетпей жатыр. Ескі Қазақстанның билігі әлі де жүріп тұрған сияқты.
Министр бұл мәліметтен хабарсыз болып шықты. Мәселені анықтайтынын айтып ағынан жарылды.

Одан әрі депутаттар шаруаларға субсидия беру, отандық өнім түрін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты аталмыш министрліктің мардымды жұмыс атқармай отырғанын айтып, сынады. Субсидиялау саласында жүйелі проблемалар орын алған. Министрлік екі жылда субсидия беру ережесін 20 рет өзгерткен. Бұл әрине фермерлердің жұмысын тежейді. Мәжіліс депутаттары премьер-министрге ауыл шаруашылығы басшылығын жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Депутаттар субсидия берудің тұрақты және түсінікті ережелерін белгілеп, оны кемінде 5 жылға дейін өзгертпеуі қажет деп санайды. Ауыл шарушалық министрінің есебін тыңдап, сұрақтарға жауап алған депутаттар жиынды қортындылай келе, Қарашөкеевтің жұмысына төмен баға берді. Енді оның мәселесін Үкімет басшысы майшаммен қарайтын болар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.