Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫ ДАМЫМАЙ ЖАТЫР

c 18:07, 22/11/2022 c 1328

0:00 / 0:00

Ауыл-аймақта медициналық көмек қолжетімді деп айту қиын. Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғинияттың мәліметінше, 200-ден астам елді мекенде медициналық нысандар жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апаттық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдық медициналық-санитариялық алғашқы көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50 пайыздан асады. Үкімет отырысында ауылдағы медицинаны дамыту жобасы бойынша 217,7 млрд теңге қажет екені айтылды.

Бүгінде ауылда 8 млн адам тұрады. Бұл Қазақстан халқының 41 пайызы. Алайда, осынша халық түгел сапалы медициналық көмек алып жатыр деп айту қиын. Шалғай ауылдарда денсаулық сақтау мекемесі түгелі, алғашқы көмекке келетін медициналық қызметкер жоқ. Бұл ауылдықтардың өмірі үшін қауіпті жағдай. Ауылдағы медициналық обьектілердің ажй-күйін етксерген министрлік, 200 елдімекенде дәрігерлік пункт дегеніңіз атымен жоқ екенін анықтаған. Кадр тапшылығы да орын алып отыр.

Министр ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту керек дейді. Жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынып, қайта жөнделмек. 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық аурухана ашылады деген үміт бар. Ал ауылға барып жұмыс істеген дәрігерлерге төленетін көтерме жәрдемақының мөлшері де жаман емес дейді министр.

Денсаулық сақтау министрі ұсынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын жүзеге асыру үшін қазынадан 217,7 млрд теңге қажет.

Жоба аясында ауылдағы медициналық ұйымдарға жаңа технологиялар жаппай енгізіледі, бұл халыққа өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.