Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

c 17:52, 08/11/2022 c 1063

0:00 / 0:00

Қазақ басшысы батыс өңірлеріне сапарын Атырауда жалғастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуінде аймақта тұралап қалған проблемаларды тізіп шықты. Мұнайлы өлке-Атырауда шешімі табылмай жатқан мәселе көп. Президент аймақта мұнай қоймаларын барынша көбейтуді тапсырды.

Бекіре балығымен әйгілі облыста балық шаруашылығын дамыту ісін күшейту қажет деді Тоқаев. Бекіре өсіретін екі зауыт бар. Алайда кәсіпорындардың тозығы жетіп, құрал-жабдығы әбден ескірген. Зауыттарды заман талабына сай етіп жаңғыртуды тапсырды. Атырау облысында да жол сапасы сын көтермейді.

Президент ауылдардың бір орталықтан берілетін сумен жабдықтау жүйесіне қосылмағанын сынға алды. Өңірде алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Үкіметке Еділден жаңа су құбырын тарту мәселесі бойынша банктермен, қаржы институттарымен келіссөздерді жандандыруы тапсырды. Өкінішке орай өңірде емхана, аурухана ғимараттары тапшы.Тоқаевтың айтуынша, Атырау облысында апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесі әлі шешімін таппаған. Балабақшалар да жетіспейді. Қазір 17 мыңға жуық бала кезекте тұр. Президент тартылып жатқан Жайық өзенін сақтап қалу жодарын іздеуді тапсырды. Тоқаев мұнай мен газ экспортына үміт артып отыра бермей , өңірде туризмді дамыту қажеттігін айтты. Ол үшін өңіде мүмкіндік көп. Қиғаш өзенінің бойында лотос гүлдері өсетінін көбі біле бермейді. Ал Индердегі тұзды көлде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға болады деді.

Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігіне зиян келтіретін радикализмге жол жоқ деді.

Астанадағы Каспий көпірі мен Түркістандағы "Ұлы дала елі" орталығы Атырау жұртының сыйы екені бәрімізге мәлім. Бұл орайда Тоқаев басқа аймақтарға сыйлық жасауда мырзалық танытатын атыраулықтарға ризашылығын білдіріп, енді аймақтардан осындай сыйлықтарды талап етуге тиым салатынын айтты. Себебі әр облыс мейлі жаңа болса да, өз күшімен, Үкіметтің көмегімен, инвесторлардың қолдауымен өз жұмыстарын өздері атқаруы керек деді Президент.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.