0:00 / 0:00
Атырау қаласында да Астанадағыдай оң жағалау мен сол жағалау болуы мүмкін. Себебі, қала халқының саны өсіп жатыр. Атырау тұрғындарының саны қазір 400 мыңнан асты, көбі қаланы екі ауданға бөлетін уақыт жетті деп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкенов елордада өткен журналистермен баспасөз маслихатында мәселе қарастырылып жатқанын растады. Бұл орайда шаһар тұрғындарының пікірі ескерілетінін айтты. Себебі қала өсіп жатыр, қаланың бір шетінен екінші шетіне жетуде қашықтық байқалады. Атырау қаласын екіге бөлу бойынша тұрғындарға қолайсыздық тудырмау үшін, шекараға қатысты тұжырым болған кезде бұл мәселені міндетті түрде атыраулықтардың талқылауына шығарамыз- деді Шәпкенов.
СЕРІК ШӘПКЕНОВ – АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ "Бізде Атырау қаласын дамытудың бекітілген жоспары - Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар бар. Жоспар бойынша халқық саны өскен кезде әкімшілік-аумақтық құрылымды анықтауымыз керек. Міне, соны қарастырып жатырмыз. Бізде Жайық өзені бар, ол қаланы екі бөлікке бөледі, дәл осы бойынша қаланы қалай екіге бөлуге болатыны туралы белгілі бір пайымдау бар"