0:00 / 0:00
«Қазақстанға Атом Электр станциясын керек» Энергетика министір Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді. Министр бұл пікірін үкіметтің отырысынан соң, журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты. Бас энергетиктің айтуынша, елде энергия көзін алудың басқа жолдары жоқ. Жаңа атом электр станциясын салу мәселесінде үкімет нақты шешімге келген жоқ. Дегенмен, өзге елдердің тәжірибесін қарастырып жатыр.
Қазақстанда Атом Электр станциясын салу мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. Сарапшылар мен қарапйым халық атом станциясын салуға қатысты әртүрлі пікір айтуда. Қоршаған ортаға қаупі бары да айтылуда. Тіпті станция құрылысы сапалы салынбаса жарылыс болады деп те сақтықтық танытады. Сондай-ақ, оның құрлысы да қымбатқа түсуі мүмкін. Бір жағынан зиянды заттардың шығындылары әлдеқайда аз болады. Еліміздің уран қоры 900 мың тоннаны құрап отырғанда, атом станциясын ұстау арзанға түседі дейді мамандар. Өткенді еске түсірсек, Қазақстанда өз атом станциясы болған.1973 - 1999 жылдар аралығында Ақтау қаласында жалғыз атом станциясы болып, жылу мен жарық беріп, суды тазалап тұрды. Енді үкімет атом станциясын салу мәселесін тағы көтеріп отыр. Әзірге бұл мәселе нақты шешілген жоқ. Дегенмен, Қазақстанға АЭС салу керек дейді энергетика министрі.
Қазір Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 14 пайызы су электр станцияларынан, 10 пайызы газдан және 5 пайызы мұнайдан алынып отыр. Әзірге Үкімет мен "Самұрық-Қазына" қоры АЭС ұстап отырған елдердің тәжірибесін зерттеп жатыр.
Егер үкімет Атом электр станциясын салатын болса, ол Алматы облысында бой көтеруі мүмкін. Бұл жайында кейбір ақпарат көздеріне берген сұхбатында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев айтты. Ал атом станциясын салу үшін халықтың пікірі ескеріле ме оны уақыт көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы сайлаудан соң журналистерге берген сұхбатында, АЭС салуда қазақстандықтардың пікірімен санасамыз деген болатын. Дегенмен кей елдерде АЭС салуға қатысты қорқыныш бар. Чернобыльде болған апаттан соң, Италия Атом электр станциясы құрылысына тыйым салған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония көптеген станцияларының жұмысын тоқтатты. Германия да бас тартты.