Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТАМЕКЕНДЕГІ АУЫС-ТҮЙІС

c 09:00, 21/02/2022 c 353

0:00 / 0:00

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында ауыс-түйіс орын алды. Палатаның төрағасы Абылай Мырзахметов өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл жайында палатаның кезектен тыс съезінде мәлім болды. Бизнесмендер көпке созбай, бірден жаңа басшыларын сайлап алды. Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының міндетін атқарушы және оның бірінші орынбасары тағайындалды. Нариман Әбілшайықов палатаның басқарма төрағасының міндетін атқаруға кіріссе, Мақсат Қиқымов басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, бір ай бойы бос тұрған төралқа төрағасы да сайланды. Белгілі бизнесмен Райымбек Баталов "Атамекен" палатасы төралқасының жаңа төрағасы болып сайланып алды. Өздеріңізге мәлім, бұл қызметті Тұңғыш Президенттің екінші күйеубаласы Тимур Құлыбаев атқарып келіп, қаңтар оқиғасынан соң төралқа төрағалығынан кеткен еді. Толығырақ тілші тартқатады.

Ел кәсіпкерлерінің басын қосқан «Атамекен» палатасының тағдыры шешілді. Ұлттық палатаның төралқа төрағалығын көп жылдар бойы атқарып келген ірі бизнесмен Тимур Құлыбаев бұл қызметтен кеткеннен кейін, палата тарайды деген пікірілер айтыла бастаған еді. Кейбір экономистер кәсіпкерлер палатасының қажеті жоқ, бизнеске әкеліп жатқан пайдасы шамалы деген ойларын ортаға салғаны есімізде. Ал палатаны 8 жыл басқарып келген Абылай Мырзахметов бұл қызметтен кететінін мәлімдеп, бизнесмендер жаңа басшыларын сайлап алды.

Мырзахметовтің орны 38 жастағы Нариман Әбілшайықовқа бұйырды. Ол 2020 жылдың қарашасынан палатаның басқарма төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарып келген еді. Ал оның орынбасарлығына 35 жастағы Мақсат Қиқымов келді. Жас өспей ме, жарлы байымай дегендей, кәсіпкерлер палатасы жасарып қалды. Ал палатаның төралқа төрағалығына тіс қаққан, ауқатты, белгілі бизнесмен Райымбек Баталов сайланды.

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ – «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ «Біз міндетті түрде реформа жүргіземіз. Жаңа палатаны құрамыз. Жаңа палата жаңа бағытта жұмыс істейтін болады»

Кәсіпкерлер палатаға жарна төлеуді алып тастауды ұсынады. Шағын және орта бизнесті қорғайтын бөлек департамент құру қажет дейді. Жалпы заң бойынша кәсіпкерлер палатасы бизнестің мүддесін қорғауы керек. Алайда, бұл қолдаудан ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлер қалыс қалуда. Утильалым енгзіліп шаруаларды әуре сарсаңға салды. Енді жаңа басшылықпен, кенже қалған шаруалар шешімін табады деп сендіреді палата өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.