Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ ДАМУЫ

c 09:20, 06/07/2023 c 163

0:00 / 0:00

Астана 25 жасқа толып жатыр. Сәл тарихқа үңілсек, Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдесінде қабылданды. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті 100 еседен артты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жылнамасы Тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр деді. Бұл орайда ел астанасын Сарыарқа төсіне ауыстыру туралы экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екені айтылды. Бұл жайында мемлекет басшысы елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумында айтты. Қазір қала экономикасы елдегі жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздан астамын құрап отырған жайы бар. Аталмыш жиынға Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге, Рабат, Нусантара, Бішкек, Белград қалаларының мэрлері, Пенза облысының губернаторы да қатысып сөз алды.

Осыдан 25 жыл бұрын елорданы Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне көшіру туралы тарихи шешім қабылданды. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Бұл экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен қабылданған тарихи сәт еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде Алматыдан елорданы көшіру оңай болмағанын сөзге тиек етті. Ал бұл орайда экс-президенттің еңбегі жоққа шығара алмаймыз. Тоқаев ақты ақ, қараны қара деп айту керек деді.

Ширек ғасырда Есіл өзенінің екі жағын ала дамып жатқан елорда әбден көркейген. Бұрынғы Ақмоланың бейнесін елестету де мүмкін болмай қалды. Астана -әкімшілік қала деп те айтып жатады. Сонымен қатар өнер мен спорт, ғылымы да қатар дамуда. Астана болғалы құрылысы да тоқатусыз жүріп жатқан елорданың бейнесі жылдап емес, айлап өзгеріп жатыр. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің екі мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты дейді Тоқаев. Сондай-ақ, Президент болашағы зор қаланы «жасыл қалаға» айналдыруға басымдық жасауды айтты. Дегенмен мегаполис қаланың көрініс бұзып тұрған аудандар да жоқ емес. Әсіресе Астананың оң жағалауында қала шетіндегі аудандардың тұрғындары мүлдем басқа ғаламда өмір сүріп жатқандай.

Иә Президент айтқандай, Астананың дамымай жатқан аудандары да бар. Мысалы, бұрынғы орталық базар аумағында «үнді кварталы» деген ұғым пайда болған. Ондағы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі елорданың сол жағалауымен мүлдем үйлеспейді. Астанада тұрып жатып көшедегі колонкадан су тасып, пеш жағып отырғандар бар. 25 жылда бас қаласының аумағы үш есе ұлғайып, халқының саны төрт есе өсті. Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллионға жетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.