Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?

c 19:57, 05/07/2022 c 1635

0:00 / 0:00

Қазақстанда 6 шілде елорданың туған күні тойланады. Бұл күні қазақстандықтар түгел демалады. Өздеріңізге мәлім, бұл күн экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді. Осыған орай, үкімет басшылығына қала күнін Назарбаевтың туған күнінен бөліп, 10 маусымға ауыстыруға болмай ма деген сұрақ қойылды. Сондай-ақ, тілшілерді ел астанасының бұрынғы атауын қайтару мүмкін бе деген сауал да мазалады. Толығырақ тілші бейнематериалынан

Қаңтар оқиғасынан соң елде экс-президентке деген көзқарас өзгерген. Тіпті сыни пікір айтушылар да көп. Депутаттардың өзі бұрынғыдай емес, ойларын ашық айтатын жағдайға келіп қалды. 6 шілде елорданың туған күнін экс-президент Н.Назарбаевтың туған күнімен қатар дүркіретіп тойлап келдік. Тіпті, пандемия кезінде ел қауіпті індетпен күресіп, қыруар адам құрбан болып жатқанда қалада от шашу болып, әкімдік елдің сынына іліккен болатын. Ал биыл қала әкімдігі ешқандай отшашу болмайды деп отыр. Соңғы үш жылдан бері Нұр-Сұлтан атауын алған елордаға Астана атауын қайтару қажет пе?

ЕРЛАН СМАЙЛОВ –ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Мерекеге қатысты мәселені қазақстандықтар шешуі тиіс. Егер халық бұл күнді атап өту қажет емес десе, онда қажет емес. Егер жоқ, айтулы күн қала берсін десе, оны да халық шешеді.»

Депутат айтқандай, елорданың атауын өзгерткенде халықтың пікірін сұраған билікті көрмедік. Жалпы астананың туған күні үш рет ауысты. 10 желтоқсанда аталап келгенді. Кейін 10 маусымға ауысты. Одан әрі экс-президент Назарбаевтың туған күнімен байланыстырып астана күнін 6 шілдеге бекітті. Журналистер Үкімет басшысының орынбасары Тоғжановқа елорданың туған күні және қала атауы өзгертіле ме деген сұрақ қойған едік. Вице-премьер оған негіз жоқ дейді.

Ералы Тоғжанов шілде айы басталғалы Ұлттық домбыра күні атап өтіледі де, елорданың туған күнімен жалғасады. Ал бұл күннің бір адамның туған күніне түк қатысы жоқ деп сендірді. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған еңбегін жоққа шығара алмаймыз деді.

Қазір әлеуметтік желіде Нұр-сұлтан қаласына «Астана» атауын қайтару туралы ұсыныстар айтылып, қол жиналып жатыр. Қол жинағандардың айтуынша, қоғам «Нұр-Сұлтан» атауын қабылдай алмай отыр. Сол себепті ел Президентінен, Үкімет пен Парламенттен елорданың бұрынғы атауын қайтаруды сұрап жатыр. Сонда-ақ, қол жинаушылар ірі қалалардағы Назарбаев есімі берілген көшелердің де атауын өзгертуді талап етуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.