Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АСТАНА ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ ҚАТЫП ҚАЛМАЙМЫЗ БА?»

c 09:08, 22/06/2023 c 144

0:00 / 0:00

Жылы жақтан көшіп келген депутаттар Астананың қысында қатып қалмаймыз ба деп алаңдайды. Мәжілісмен Ермұрат Бапи биыл қыс қатты болады деген жорамал бар, осы қыста Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба? Жоғары аудиторлық палата жылумен жабдықтау саласына мемлекеттік аудит жүргізді. Нәтижесінде миллиардтаған теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған-деді. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау мәселесіне қатысты заңнаманы талқылаған еді. Екібастұзда болған апаттан соң, Президенттің тапсырмасымен Жоғары аудиторлық палата өңірлердегі жылу электр орталықтарында тексеріс жүргізген болатын. Нәтижесінде 23 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар, 37 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңгеге экономикалық шығындар және жіберіп алған пайда анықталды", - деп мәлімдеді палата төрағасы Наталья Годунова.

Екібастұздағы апатты жағдай еліміздегі жылу беру орталықтарындағы былықтарды ашып берді. Аудиторлық палатаның есебінен төбе шашың тік тұрады.

Еліміздегі жылу электр орталықтарының 76%-і – 50 жылдан астам, 24%-і – 30 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Жылу электр орталықтарының орташа қызмет ету мерзімі — 61 жылды құрап отыр. Депутаттар өңірде энерегткиалық инфрақұрылымның техникалық жағдайы нашарлағанын жарыса айтып жатты. Астана, Семей, Тараз, Павлодар сияқты бірқатар қалада жылу жүйесіне проблема көп, энергия тапшы. Жылы жақтан көшіп келген депутаттар Астананың қысы алаңдатып отыр. Ермұрат Бапи 14 жылдан бері құрылысы аяқталмай жатқан елордадағы үшінші жылу электр орталығы мәселесін көтерді.

Депутаттың сұрағына жауап берген елорда әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков Астанада жылу тапшылығы барын айтып, биыл 100 млрд теңгеден астам қаржылай қолдаудың арқасында қараша айында Жылу электр орталығының жылу бөлігі іске қосылады деді. Ал Алмасадам Сатқалиев Энергеткика министрі болғалы, өңірлерге барып, жылу электр орталықтарының жай-күйімен таныспапты.

Министр бұл ескертуді назарға алатынын айтып ақталды. Сатқалиев кесте бойынша облыстарды аралауды жоспарлап отыр екен.

Алайда, Сатқалиев кесте жасап, облыстарды аралағанша қыс келеді, тағы да Екібастұздағыдай апатты жағдайлар орын алмасына кім кепіл? Кабинеттен шықпай отырған министрдің мәліметінше, Семей, Павлодар, Шымкент, Риддер, Текелі, Шахтинск, Жезқазған Петропавл өңірлері бойынша қауіп бар. Инфрақұрылымды жаңарту үшін тарфиті көтеруге тура келеді. Ал депутат Жаңбыршин жылумен жабдықтау проблемаларын Forbes тізіміндегі кәсіпкерлердің көмегімен шешуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.