0:00 / 0:00
2022 жылғы статистика бойынша елімізде қашып жүрген емес, іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асады. Салыстырмалы түрде 2021 жылы бұл көрсеткіш 37 мыңнан асатын. Қорғаныс министрлігінің өкілдері бүгін өткен баспасөз маслихатынад әскерге барудан жалтарып жүрген жастарға қатысты осындай мәліметті алға тартты. Сондай-ақ, әскерге барған жастарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын мәлімдеді.
Әскерге бару парыз ба? Қазір қоғамда әскерге сенім сенім аз. Өкінішке орай, соңғы жылдары әскер қатарында жүрген сарбаздарға қатысты келеңсіз жағдайлар жиі орын алуда. Өз-өзіне қол салу, әлімжеттік құрбану болу сияқты деректер тіркелуде. Бұл жағдай әрине ата-ананың қорғаныс саласына деген сенімін азайтып, баласын әскерге жіберуге құлшынбайды. Жастардың өзі бір жыл уақытын әскерде жоғалтқысы келмейтіні де айтып жатады. Ал әскерде әлімжеттік жоқ дейді министрлік өкілдері.
Осылайша отан алдындағы борышын өтеп, әскерге бару парыз дейді қорғаныс саласының мамандары. Ол үшін жоғарыда аталған проблемаларды болдырмау, жастардың әскерге қызығушылығын арттыру, жалпы әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жасалып жатқанын айтады. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға оқуға түсу үшін жеңілдіктер қарастырып отыр. Оның бірі- ҰБТ-сыз жоғарғы оқу орнына түсу.
АЙГҮЛ ТӨЛЕМБАЕВА – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ «Біріншіден, әскери қызмет аяқталғаннан кейін ҰБТ- тапсырмай-ақ екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі бар. Екіншіден, жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО есебінен оқу құқығы беріледі. Бұдан өзге, оқу орнының әскери кафедрасында емтихансыз тегін оқуға болады. Ал егер офицер шенін алғысы келсе, олар әскери кафедрада білім алып,
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерге білім беру жеңілдіктерін еліміздің 40-тан астам жетекші жоғары оқу орындары қолдады. Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды оқыту үшін үш мың орын беру туралы келісімге қол қойылды дейді министрдің кеңесшісі. Қорғаныс министрлігінің дерегінше 2022 жылғы статистика бойынша елімізде қашып жүрген емес, іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асады. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 37 мың адамды құраған. Сол себепті болар, қазір әскер қатарына көшеде немесе жұмыс орнынан алып кету фактілері де жоқ емес.