Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАН РЕСЕЙЛІКТЕР ЕЛІНЕ ҚАЙТАРЫЛА МА?

c 17:30, 27/09/2022 c 1581

0:00 / 0:00

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстанға бас сауғалап келіп жатқан ресейліктердің саны екі есеге артты. Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, соңғы алты күннің ішінде елімізге 98 мыңға жуық ресейлік кірді. 8 мың резидент емес адам жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерді.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР ІІМ «Бір жылда яғни осы жылдың 9 айында Қазақстанға келген ресейліктердің саны 1 млн 700 мың адамды құрайды. Ал 2018-19 жылдары біздің елге 3 миллионға жуық ресей азаматы келген»

Ал Ресей тарапы мобилизациядан қашқандарды қылмыстық жауапкершіліке тартып, он жылдам астам уақытқа бас бостандығынан айыратынын хабарлап жатыр. Қазақстан әскерден жалтарған ресейліктерді еліне қайтара ма деген сұрақ туындайды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталған азаматтармен алмасу және құқықтық көмек бойынша келісімшарттар бар. Біздің елді паналап келгендерді экстрадициялау тек қылмыстық істер үшін ғана жасалады дейді министр. Яғни мобилизациядан қаншқандарды қайтармайды.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР ІІМ «Мәселе мобилизацияда емес, мен тіркелген, санкция берілген және халықаралық іздеуге салынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып отырмын. Ал әскери комиссариат іздейтін болса, бұл адамды беруге құқықтық негіз бола алмайды»

Брифинг барысында Көші-қон қызметінің комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов Ішкі істер министрлігіне 11 мың қазақстандық ресейлікті паналатқаны туралы хабарлама түсіргенін айтты. Құқық қорғау органдары қазақстандықтарға осы талапты ұстануды тағы да ескертті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.