Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕГІ ӨЛІМ-ЖІТІМ

c 09:26, 19/04/2023 c 197

0:00 / 0:00

2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапты. Оның ішінде 2020 жылы 78 сарбаз – 2020, 96 –ы 2021 жылы, 85 сарбаз 2022 жылы қаза болған. 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушымыз өмірден өтті. Сонымен қатар, жалпы өлім-жітімнің 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болып отыр. Бұл жайында бүгін өткен сенаттың халықаралық істер және қорғаныс комитетінің отырысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев айтты.

Әскерде өлім-жітім неге көбейіп кетті? Бейбіт заманда әскерилердің қаза болуы үлкен сұрақ тудырады. Сенаторлардың алдына келіп есеп берген әскерилердің статистикасынан төбе шашың тік тұрады. Соңғы үш жылда 270 қазақстандық әскери қаза тапқан. Оның 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан орын алған. Ал ағымдағы жылы әскер қатарында жүрген 11 азамат қайтыс болды.

Сенаторлар өкінішке орай әксер азғындықтың ордасына айналды деп отыр. Тепсе темір үзетін жігігтердің әскерге барып, отан алдындағы борышын өтеуге құлшынбайтыны да осыдан.

Әскерилердің айтуынша, сарбаздардың өз-өзіне қол салғандары арасында кейбір криминалдық сипаттағы әрекеттер бар. Жас қызметшілердің әскерге дейін бірқатар келеңсіз жағдайларға тап болуымен де байланысты екендігі анықталды. Кредитке бату немесе туған-туыстарымен арақатынасы, махаббат мәселесі де жас жауынгердің өмірімен қоштасуына әкем соғады. Бұл жағдайда әскерде психологтардың жұмысын күшейту қажеттігі де айтылды.
Жиын барысында мәлім болғандай, өткен жылы 130 мыңнан астам адам әскерге бару үшін медициналық тексерістен өткен.Оның 80 пайызы – әскери қызметке жарамды деп танылған. Ал қалған 20 пайызы, оның ішінде 15 пайызға жуығы – әскерге мүлдем жарамсыз болса, 5 пайызы – уақытша жарамсыз болған. Ал әскердегі қылмысқа келсек. Соңғы он жылда 5 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Оның 28 пайызы – қол жұмсау. Салдарынан 11 пайызында адамдар қайтыс болған. Бұлар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілді. Соңғы үш жылға тоқталсақ, 9 осындай іс тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.