0:00 / 0:00
«Дені саудың-жаны сау» деген ұранмен өтіп жатқан әскердегі челлендж Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің астаналық әскери бөлімінің 500 әскериі мен сарбаздары 24 шақырымға жүгірді. Бұған дейін мұндай акция Ақтау қаласында өткенді. Ерекше мақсаттағы бригада Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлерінен қабылдап алып отыр.
Сарбаздардың айтуынша бұл челленджге әбден дайындалған. Өздеріңіз байқағандай еркеш мақсаттағы бригада әскреилері тек жүгіріп ғана қоймай, шаңғы теуіп те жарыс ұйымдастырды. Аталмыш бригада челлендж кезегін тараздық әскерилерге жолдады.
Бұл еліміз бойынша өтіп жатқан әскердегі челлендж болғандықтан аймақтағы барлық әскери бөлімдері қатысады.