Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АРЫСТАНБЕККЕ ЖАҢА АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

c 13:58, 29/09/2023 c 80

0:00 / 0:00

Мәдениет министрлігін басқарып, кейін бұл лауазымнан төмендетіліп Ұлттық музейдің директоры болып жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы істі болғаны мәлім. Ол өткен жылы қамауға алынып, биыл маусым айында сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Еске сала кетейік, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін сыбайластарымен бірге «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион 411 мың 730 теңге қаржыны жымқырды деген айыппен сотталғанды.

Алайда экс-министрге қатысты айыптаудың жаңа түрі пайда болды. Мұхамедиұлына сотта рейдерлік жолмен жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорының кәсібін тартып алды деген айып тағылып отыр. Сот отырысында мәлім болғандай 2019 жылы «Дипломат» қонақүйіне иелік етіп отырған К. есімді кәсіпкер А.Мұхамедиұлынан көмек сұраған. Мұхамедиұлы болса ол кәсіпкерге 2,5 млрд теңге беруге келіскен. Алайда оның орнына компанияның 71 пайыз капиталын қайын енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Прокурор экс-министр сол кезде «Дипломат» қонақ үйін иелену үшін рейдерлік жасады деп айыптап отыр

ОЛЖАС ҚАЙРОЛЛАЕВ - ПРОКУРОР «Мәміле жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өтіп, Арыстанбек Мұхамедиұлы К. есімді кәсіпкерден капиталдың қалған 29 пайызын беруін талап еткен. Тиісінше ол бас тартқан. Содан кейін айыпталушы «Дипломат» қызметкерлеріне өзін осы кешен иелерінің бірі ретінде көрсетіп, олардан ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеуін тапсырған. Деректерге сай, артынша А.Мұхамедиұлы серіктестік қатысушыларының жиналысын ұйымдастырып, хаттаманы қолдан жасап, ЖШС басшысы атанады».

Бірақ сотты болып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағылған жаңа айыппен келіспеді.Айыпталушы өзіне қатысты жүріп жатқан сот ісін Рим империясының тарихында орын алған жәйтпен салыстырды.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ -АЙЫПТАЛУШЫ «Аса мәртебелі сот, өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз. Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың арамдығына қарамастан, тарихта жасампаз және нақыл сөздер авторы ретінде қалды: "Ал сен, Брутсың". Бұл ретте судья тарихта Геракл ретінде қалады. Авгий патшаның қорасын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты, сіз де, осы сот ісін арамдық пен өтіріктен арылтасыз деп сенемін»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.