Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АРСЕЛОРМИТТАЛ ТЕМІРТАУДЫҢ» ҚҰНЫ

c 14:55, 11/12/2023 c 94

0:00 / 0:00

Аты шулы «АрселорМиттал Теміртаудың» копманиясына қатысты мәселеге нүкте қойылды. Соңғы 15 жылда Митталдың шахталарындағы апаттан 194 кенші қаза болды. Ең ірі апат қазан айында Қарағанды облысының Костенко шахтасында орын алды. 46 кенші қаза тапты. Мемлекет осы оқиғадан соң Лакшми Митталмен әріптестікті үзетінін хабарлады. Үкімет «АрселорМиттал Теміртаудың» кәсіпорнын сатып алатын инвестор іздеуге кірісті.Өнеркәсіп министрінің айтуынша, келіссөздер процесі 11 раундтан тұрған. Бұл Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы мега-мәміле болды дейді Шарлапаев. Әу баста ArcelorMittal компаниясы 3,5 миллиард доллар сұрағаны есімізде. Қанат Шарлапаев екі айға созылған келіссөздер нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» және Ақтау құбыр зауыты 286 миллион долларға сатылғанын мәлімдеді. Бұл – екі актив үшін AMT алған баға. Республикалық бюджеттен қаражат жұмсаған жоқпыз, - деп сендіреді министр. Ал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қазақстандық Allur Group компаниялар тобына өтті.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ «286 миллион доллар – бұл толық жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны екенін ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар, ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайды. Келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық өріс шеңберінде қол жеткізілді»

Осылайша еліміздің көмір өндірісі 44 жасар Андрей Лаврентьев деген олигархтың қолына өтті. Олар 1-2 күнде жұмысқа кірісіп, активті басқаруға алады, - деп отыр министр.Сондай-ақ, жаңа инвестор компанияның қарызын өзі төлейді және барлық әлеуметтік міндеттемені орындайды.Ал жаңа қожайынның келуімен кәсіпорынның атауы өзгере ме? Министр "Қармет" тарихи атауын қайтарған дұрыс болар еді дейді. Енді оны өңір тұрғындары мен сатып алып отырған компания иесі шешеді. Брифинг барысында тілшілер тарапынан «АрселорМиттал Теміртау» шахталарын иемденіп отырған Allur Group-та экс-президент Н.Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының үлесі бар ма деген сұрақ та қойылды. Алайда министрге сұрақ ұнамай қалды.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ "Сіздің қазір айтып отырғаныңыз мен үшін тек спекуляция сияқты. Бұл мәміленің қалай құрылғанын тағы айтып өтейін, түсінікті болуы үшін: AMT жаңа инвесторы жеке арнайы компания құрды, оның ішінде Андрей Лаврентьев - жалғыз инвестор. Бұл компания АХҚО-да облигациялар шығарып, жеке қаржыландыруды тартып, өз ақшасын инвестициялаған. Мұндай ауқымды мәміле үшін бұл өте анық жағдай".

Отандық БАҚ-ғы мәліметте Қайрат Сатыбалдының Alatau Invest Capital компаниясы 2016 жылы Allur Group-қа инвестиция құйған. Өздеріңізге мәлім, қазір Сатыбалды түрмеде отыр. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, министр Шарлапаевтың айтуынша, «АрселорМиттал Теміртаудың» копманиясын саудалау барысында шетелдік инвесторлар қарастырлмаған, тек отандық инвесторларды ғана тартылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.