Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АРАНДАТУШЫЛЫҚҚА ТОЙТАРЫС БЕРУ КЕРЕК»

c 11:10, 22/10/2021 c 1188

0:00 / 0:00

Мемлекетке қарсы арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында елдегі ауызбіршілік, этносаралық кикілжіңге жол бермеу, қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. Мемлекет басшысы елдегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек деді. Жиында Ассамблеяның жаңа міндеттері талқыланды.

Қазақстан 100-ден аса ұлттың басын қосқан көпұлтты мемлекет. Еліміздегі әр ұлттың мүддесі, құқығы қорғалған. Мәдени орталықтар, диаспораның жұмысы қызып тұр. Қазақстан халықтары Ассамблеясы соның бір көрінісі. Тіпті Парламентте Ассамблеядан сайланған депутаттар да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблеяның Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс екенін айтты. Ақпараттық кеңістікте белсенді болып, Ассамблея мүшелері медиа салада, соның ішінде әлеуметтік желіде өз ұстанымын қорғай білуі керек деді. Бұл орайда Президент еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмайтынын жеткізді.Сондай-ақ, елдегі ұлт өкілдерінің бір жерге шоғырланбағаны жөн деді. Яғни ұлттардың аралас-құралас қоныстанғаны дұрыс.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекетімізге қарсы арандатушылықтың барлық түріне құқықтық әрі ақпараттық құралдар арқылы тойтарыс беру керек деді. Әлеуметтік, қылмыстық, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу қажеттігі айтылды. Ал қоғамдық даму министрлігі этносаралық кикілжіңге жол бермеуі тиіс деді.

Этникалық астамшылықтың барлық көрінісі, қандай да бір кемсітушілікке, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, ішкі тұрақтылықты заңға сәйкес қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.

Президент білім министрлігіне әлемдегі көптілділік тәжірибесін зерттеуді тапсырды. Бұл орайда Тоқаев қазақстандық балалардың көптілді білгені дұрыс. Ол үшін мемлекеттік тілді яғни қазақ тілін, өз ана тілін және мүмкіндігінше орыс тілін білу керек, - деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.