0:00 / 0:00
Жайылымдардың басым көпшілігі аңшылық шаруашылықтарына беріліп кеткен. Ауыл халқы мал жаятын жер таба алмай жүргенде, жекелеген адамдар миллиондаған гектар жерді аңшылыққа басып алып, жер қолданусыз жатыр дейді сенатор Жанболат Жөргенбаев. Депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы аңшылық үшін берілген жер учаскелеріне яғни аңшылық алқаптарға түгендеу жұмыстарын жүргізуді. Игерілмей, пайдаланбай жатқан жерлерді қайтарып алуды сұрады.
Мәтін. Игерусіз жатқан жайылым жерлерді мемлекетке қайтару мәселесін бұған дейін мемлекет басышыс Қ.Тоқаев көтеріп, оын рететуді тапсырғанды. Президент қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған деп сынағанды. Латифундистердің қолына кеткен алқаптар пайдаланылмай жатыр. Ал меншіктелген жерге ауыл халық малын жая аламй әуре-сарсаңға түсіп жүр. Бұл өңірлердегі ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Жердің тиімді игерілмеуі мен жайылым тапшылығына ауылдықтар зардап шегуде. Мал көп, жайылым жоқ. Мысалы, сенатор Жөргенбаев көтерегн мәселе Алматы, Жетісу облыстарында орын алып отырған жағдай. Ол жақта жайлым жерлер жекенің қолына кетіп, аңшылқ шаруашылыған берілген.
Осылайша жергілікті халық малын жаятын жер таппай жүр. Аңшылық алқаптар 10 - 49 жылға дейін аңшылық шаруашылықтарға уақытша жер пайдалану құқығымен берілген. Алайда, депутаттың айтуныша, ол жерлерді жекелеген қалталы азаматтар алып, аңшылық саяхатын құрып жүр. Яғни миллиондаған гектар жер біреудің «аңшылық серуен құруына» арналған.
Депутат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында аңшылыққа берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді реттеп, түгендеу жұмыстарын жүргізуді. Игерілмей, пайдаланбай жатқан жерлерді қайтарып алуды сұрады.
Өкінішке қарай, жайылымдық жерлер бойынша проблема көп. 2021 жылы жайылым жерлердің көлемі 21 млн гектарға жеткені анықталды. Бүгінде оның 14,2 млн гектары тапшы болып тұр. Депутаттардың мәліметінше, соңғы үш жылда 8,1 млн гектар жер игерілмей, пайдаланусыз жатыр.