Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ ТІРКЕЛДІ

c 11:21, 16/02/2023 c 122

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы «Amanat» партиясының да алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді. Комиссия партия ұсынған тізімдегі 90 үміткерді түгел тіркеуден өткізді. Оның 29-ы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл тізімге енгізілген кандидаттардың жалпы санының 32,2%-ін құрап отыр.

Партиялық тізіммен Аманаттың 90 кандидаты мәжілістегі орынға таласатын болды. Бұған қоса бір мандатпен додаға қатысатындардың саны 29-ы үміткерді құрап отыр. Осылайша билік партиясы да ОСК батасын алып, сайлауға сақадай сай. Тіркеуден өткен аманаттықтар үлкен жеңіске жеткендей бірін-бірі құттықтап, кандидат болған куәліктерін көрсетіп мәз-майрам болды. Тіпті Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің де қуанышында шек жоқ. Қол алысып, құттықтап жатты. Не керек, аманаттықтар тіркеуден өтті. Өздерін көшбасшылар партиясымыз деп ұрандатты.

Өздеріңізге мәлім, бұл сайлаудағы жаңашылдық Парламент Мәжілісі депутаттығына партиялық тізімімен және сол партяи мүшесі бір мандаттық жүйемен түсе алады. Дегенмен, бір партиядан екі жүйемен өткен депутат сол партияның мүддесін қорғайтыны мәлім ғой. Ал бұл орайда тәуелсіз түсіп жатқан бір мандаттықтарға сайлауда дауыс жинауға мүмкіндік беріле ме деген сұрақ мазалады тілшілерді.

Сайлау заңына сай, саяси партия партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасын төлеуі керек. Ол ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгені құрайтынын білесіздер. Алайда, Аманат партиясы сайлау жарнасын төлемейді. Себебі, бұған дейнігі сайлауда сайлаушылардың 5 және одан көп даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасынан босатылады. Ал 2021 жылғы Праламент сайлауында бұл партия 71,9 пайыз дауыс жинағанды. Бұған дейін сайлауларда жеңіске жетіп жүрген билік партиясы бұл жолы да жеңісті қолдан бермейтініне сенімді. Ал осы науқанға қатысып жатқан барлық партия тең бәсекелесіміз деп қояды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.