Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Алтын балық" акциясы

c 18:29, 22/02/2021 c 275

Оралда "Алтын балық" акциясы өтті. Аталмыш шара өзендердегі балықтарды оттегі жетіспеушілігінен сақтауға арналған.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында алғаш рет "Алтын балық" акциясы өтті. Экологиялық шараның мақсаты-бетін мұз басқан өзендердегі балықтарға оттегі сыйлап, ауа жетіспеушілігінен құтқару.

Шара ерекше форматта, қызықты өтті. Әуелі сайыстың қатысушылары арнайы арақашықтықты сақтай отырып, ойық ойып, қысқы балық аулауға мықтап дайындалды. Тәжірбиелі балықшылар шараға қатысушы жандарға ақыл-кеңестерін айтып, көңіл бөлетін маңызды дүниелерге назар аудару керектігімен бөлісті.

"Алтын балыққа" тәжірбиелі балықшылармен бірге балаларда атсалысты.

Шара соңында ең көп балық аулаған қатысушылар жеңімпаз деп танылды. Сайыстан соң қармаққа түскен балықтар қайтадан суға жіберіліп, ойықтарға қамыс түтікше орнатылды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.