Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік қызметтер порталы

c 18:03, 01/04/2021 c 398

Әлеуметтік қызметтер порталы 2020 жылдың 1 қаңтарында пилоттық жоба ретінде жұмысын бастады. Негізгі мақсаты- мүгедек жандарға қажетті оңалту құралдары мен қызметтерді жеткізушіден тікелей алуға мүмкіндік беру. Яғни, осы портал арқылы әр топтағы мүгедек сайтқа кіре отырып, әлеуметтік қызметтердің 8 бағыты бойынша көмек ала алады. Барлық кем-кетік тұстары ескеріліп, жаңарып мүгедектерге арналған әлеуметтік портал толықтай іске қосылды.
Бүгінде порталға дербес тіркеліп, түрлі қызметті алып жүрген азаматтың бірі Миханов Бейбіт. 1-ші топ мүгедегі Бейбіт цифрлық қолтаңба алып, өзіне қажетті қызметтерге сұраныс тастап келеді. Порталдағы қызметтерді алу үшін міндетті түрде электрондық-цифрлық анықтама болуы керек. Осы орайда сала мамандары тұрғындардың арнайы қолтаңбаны алуға қауқарсыз екенін айтады.
Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғалы 2300-ден аса өтініш түскен. Жалпы порталдың көмегімен кембағал жандар үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алуға көшті. Басты талап- электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.