0:00 / 0:00
Астанада бүгін әлем президенттері бас қосқып жатыр. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің VI саммиті өтуде. Айтулы жиында әлемде орын алып жатқан геоясаяси жағдай, оның ішінде Укрина мен ресей арасындағы соғыс, экономикалық дағдарыс, қаупісіздік мәселелері, азық-түлік қауіпсіздігін қамту, кедей елдердегі аштықпен жаппай күрес мәселелері талқыланды. Саммит отырысында сөз алған Ресей Прзеиденті Владимир Путин азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы шұғыл мәселелерді шешу үшін заңсыз кедергілерді жою қажет деді.
ВЛАДИМИР ПУТИН – РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ «Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы шұғыл мәселелерді шешу үшін жаһандық жеткізу тізбегінің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге кедергі келтіретін барлық жасанды, заңсыз кедергілерді жоюға шақырамыз».
Ресей басшысы Путиннің айтуынша, әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс принциптерін қайта қарау қажет.
ВЛАДИМИР ПУТИН – РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ «Біздің Азиядағы әріптестерімізге әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс принциптерін қайта қарауды ұсынамын. Он жылдар бойы «алтын миллиард» ұғымы бойынша технологияның барлық капиталын өзіне алып отырғандар біреудің есебінен өмір сүріп жатыр. Оның бірінші қадамы ретінде өзара есеп айырысу жүргізгенде ұлттық валюталарды неғұрлым белсенді қолдану қажет. Мұндай шаралар мемлекеттердің қаржылық егемендігін нығайтуға, капиталдың ішкі нарықтарын дамытуға және экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал етпеді".
Путиннің айтып отырғаны «Алтын миллиард" теориясы - жер бетіндегі дамыған елдерден бір миллиард адам ғана байлықта, барлықта өмір сүру құқына ие. Қалған миллиардтар трансұлттық корпорациялар мүддесіне сай осы "алтын миллиардты" шикізатпен қамтамасыз етіп, арзан жұмыс күшін жеткізіп тұруға тиіс дегенді білдіреді. Өз кезегінде қазақ басшысы кеңеске мүше мемлекеттерге азық-түлік өнімдері үшін «жасыл дәліз» құруды ұсынды. Тоқаевтың айтуынша, Азия ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен екісін өндіргенімен, бұл сала әлі де ақсап тұр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ "Бізге маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін сәйкестендірілген тәсілдерді әзірлеу қажет. Сонымен қатар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер арасында осы санаттағы тауарлар үшін "жасыл дәліз" құру қажет"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада орналасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің шат-пәтері Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен ынтымақтастық құруы керек. Ослайша мұқтаж елдерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге болады дейді. Ал Беларусь Президенті Лукашенко мырза шетелдегі ұйымдардың күшімен өзге елде мемлекеттік төңкеріс жасап, санкциялар салу үшінші дүниежүзілік соғыстың орын алуына әкеп соғады деген ойын ортаға салды.
АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «2020 жылы шетелдік кураторлар көтерілістерді ашық түрде бақылап отырды. Осындай сценарий бұрын Украинада болды. Енді онда не болып жатқанны көріп отырмыз. 2022 жылы біз Қазақстанда бейбіт өмірді сақтап қалдық»
Түркия басшысы Реджеп Тайип Ердоған Укарина мен Ресей арасындағы қан төгісті тоқтатуды ұсынды.
РЕДЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАН ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ "Украинадағы кейінгі дағдарысты аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Әділ әлемге әрқашан дипломатия арқылы қол жеткізуге болады. Соғыста жеңімпаз жоқ. БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлем бойынша мойындалды. Қара теңіз арқылы Украина астығын экспорттау туралы Ыстамбұл келісімі және өткен айда басталған тұтқын алмасу жұмыстары - осы бағыттағы елеулі жетістіктер. Біздің мақсатымыз - жергілікті жерлердегі барлық қиындыққа қарамастан, қол жеткізілген қарқынды сақтау және қантөгісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату".
Саммитте Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің трансформациясы туралы Астана мәлімдемесі қабылданды. Кеңестің қоры құрылатын болды. Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесінің терроризмге қарсы резолюциясын жүзеге асыру үшін іс-қимыл жоспары қабылданды.