Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімнің құны

c 09:07, 27/12/2019 c 1069

0:00 / 0:00

Қашанда ерекшеленіп жүретін Пауладар облысының әкімі Болат Бақауов тағы да әлеуметтік желіде жұлдыз болды. Желіде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың портреті қайырымдылық аукционға шығарылып, бақандай 31млн теңгеге сатылған бейнежазба тез тарады. Оны Пауладар қалалық мәслихатының депутаты Гнел Акопян сатып алды деген ақпарат тарады. Алайда, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайды әзіл деп хабарлап отыр.

Болат Бақауов әкім бол халқыңа жақын бол деген қағиданы қатты ұстанатын болуы керек, тіпті Палудар басшысының портреті қайырымдылық аукционға шығарылып сатылды. Әкімнің құны 28 млн теңгеге бағаланды. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас. Пауладар облысы  әкімінің  бейнесі салынған портрет тіпті қымбат янтарь асыл тасымен көмкерілген деген пікірлер де жазылып жатыр. Болат Бақауовтың портретін қайырымдылық аукционында  белгілі КВН-шілер Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин саудалап тұр. Видео суретке 28 миллион теңге ұсынылған сәтте үзіледі. Шум. Кейінірек желіде тағы бір видео тарайды. Онда жүргізуші портретті сатып алушыға беріп жатқаны түсірілген.Кейбір ақпарат көздерінің хабаралуынша, Бақауовтың портретін қалалық маслихат депутаты Гнел Акопян 31 млн теңгеге сатып алыпты. Сенатор Манап Көбенов Пауладар облысының әкімі Бақауовты  жас күнінен білетін болып шықты. Ол кезде Көбенов сол өңірде аудан әкімі болғанды.  Бүгін портреті млндарға бағаланып жатқан әкім кезінде гаражда жүргізуші болып жұмыс істепті.

Манап Көбенов – ҚР парламент сенатының депутаты; «Ол кезінде гаражда жүргізуші болып жұмыс істеген. Осы портреті жайында сіздерден бірінші рет естіп тұрмын. Білмейді екем. Қәне көрсетіңізші»

Әкім  мұндай қымбат портрет салғызуға ақшаны қайдан алды деген сұрақ туындайды. Сенатордың айтуынша оның жиған-тергені болуы керек.

Манап Көбенов – ҚР парламент сенатының депутаты; «Ол мемлекеттік қызметке келгенше  бизнеспен айналысқан. Ірі шаруашылығы болды. Өсімдік өсіру, мал шарушалығымен айналысты. Содан жинаған табысы бар болар »

Ал әкімнің бұл әрекеті мемлекеттік қызметкердің этикасына қайшы емес пе...

Пауладар облысының баспасөз  қызметі аты-шулы бейнежазбаға қатысты хабар таратып отыр. Онда  аукционның болғанын, бірақ әкімнің портреті  31 миллион теңгеге сатылғаны туралы  ақпарат әзіл екенін хабарлайды.  Бұл суреттің құны  700 мың теңге делінген ақпаратта.  Жалпы аукционда 20-ға жуық картина сатылған. Болат Бақауовтың портретпен аты шыққан бірінші оқиға емес. Өткен жылы әкім елордаға есеп беруге клегенде жеке суретшісін ертке келгенді. Журналистермен өткен баспасөз маслихаты аяқталғанша Бақауовтың суретшісі оның портретін салып үлгергенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.