0:00 / 0:00
Елордада өтетін әкмідердің дәстүрлі брифингінің бұл жолғы қонағы –БҚО әкімі Нариман Төреғалиев болды. Әрине әкім де басқа әріптестері сияқты өзі басқарып отырған өңірдің әлеуметтік, экономикалық даму барысы жайында баяндап барып, тілшілердің сұрақтарына жауап беруге кірісті. Төреғалиев мырзаға қойылған сұрақтың алғашқысы- жақында сотты болған орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты болды. Еске сала кетейік, облыс әкімінің оырнбасары болған Ержан Балтаев өкілеттілігін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық бабымен айыпталған болатын. Ал жемқорлық фактісі орын алған жағдайда бірінші басшы қоластындағы қызметкері үшін жауапты. Яғни әкім отставкаға кетуі керек еді. Осы жағдайдан соң, өңірдегі белсенділер әкімнің қызметінен кетуін талап еткені есімізде. Бірақ Нариман Төреғалиев өз орнында қалды. Әкім бұл жайында ойладым, бірақ кетуімен негіз болмады деп отыр.
Қазір елде дала еркесі-киіктерді аулау науқаны жүріп жатыр. Экология министрлігі киіктерді атуға да рұқсат берген. Мұнымен тек «Охотзоопром» қызметкерлері айналысады. Ауланған немесе атылған ақбөкендердің етін комбинаттарға өткізуде. Ал Қазақстанды мекендеген киіктердің басым бөлігі БҚО облысына қоныстанған. Аймақтағы киіктердің саны 1 млн 300 мыңды құрап отыр. Егініне шығып кеткен киіктерден зардап шеккен шаруалардың шағымы тағы бар. Құзырлы орган киік санын реттеу үшін оны аулауға көшті. Бүгінгі күні облыста 10 мың киік ауланған. 17 бригада жұмыс істеп жатыр. Ауланған киіктердің етін еткомбинаттарына өткізіп жатыр. Келісі 1200 теңгеден сатылып жатса да, әзірге киік етіне сұраныс жоқ. Киік етін кез келген адам алмайды. Бұрын киіктің етін жеп көрген Кеңес Одағы кезіндегі адамдар болмаса, көбі жеп жатқан жоқ дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, қарағандылық кәсіпкер киіктерді қолға үйрету әдісін қолға алған. Болашақта киіктерге жем-шөбін беріп, төрт түлік секілді ұстауға болатынын дәлелдеп жатыр. Енді алдағы уақытта ату, аулау әдісінен бөлек, қолда ұстау жұмыстарын да қолға алмақ. Ал әкімнің өзі киік етін жеп көріп пе?-деген сұрақ та қойылды.
Ағымдағы жылдың 13 қарашадағы мәліметінде, елімізде жалпы 15 380 киік ауланған. Оның 4 мыңға жуығы арнайы қоршауға алынса, 11426 киік атып алынған. Киік аулау немесе ату қазір БҚО, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында жүріп жатыр. Өз кезегінде ауыл шаруашылық министрлігі киік еті тек Қазақстанда сатылатынын. Сондай-ақ оның мүйізін Қытайға сату жоспарланып отырғанын хабарлағанды. Жалпы Қазақстанда 2 млн 600 мың киік тіркелген. Биыл қараша айының соңына дейін 300 мың бас киікті аулауға рұқсат берілген. Бірақ, әлеуметтік желіде дала киік өлексесіне толып, сасып кетті, киік соятын жерлер санитарлық талапқа сай емес, тіпті киіктің өлексесі комбинаттарға өткізіліп жатыр деген шағымдар өріп жүр. Бұл жағдайды көрген халық киік етін алмасын,киіктің киесі бар, атуға болмайды деген пікірлер қалдыруда.